#
#
Жексенбі 11/04/2021

Халық вакцинаны қайдан алатынын білмей жүр: Мәжілісмен министрлік жұмысын сынады (Видео)

  • 31.03.2021
  • 0
  • 1375

Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова Nur Otan партиясы фракциясының атынан коронавирус инфекциясынан халықты вакцинациялаудың баяу жүріп жатқанын айтып, мәселе көтерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мәжіліс өкілі Денсаулық сақтау министрлігі бұл науқанды жүйелі ұйымдастырмай отыр деген сын айтты. 

«Кеше Денсаулық сақтау министрі халықты вакциналауға үндеді. Бірақ қайда барып вакцина алуға болатынын ел білмейді. Себебі өңірлердегі емханаларда вакцина жоқ», - деді депутат. 

Ирина Унжакова қазіргі ахуалды былтырғы жағдаймен салыстырды. 

«Былтыр адамдар шатасып, ПТР-тест қайда және қашан тапсыруға болатынын білмеді. Ал биыл вакцинацияны қайда және қашан алуға болатынын білмей отыр. Денсаулық сақтау министрлігі биыл алдын ала іс-қимыл алгоритмін жасай алмады ма? Көптеген адамның көкейінде осындай сұрақ тұр», - деді депутат. 

Ирина Унжакова Израиль, Ұлыбритания, Словакия, Словения, Сербия, Сингапур және басқа да бірқатар елдерде халықтың жартысынан 90%-на дейін вакцина алып үлгергенін атап өтті. 

Ал Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 134 мыңнан астам адам вакцинацияланған. 

«Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл түрде тиісті шаралар қабылдауы керек. Әйтпесе біз өткен жаздағыдай пандемиямен күреске толық дайын болмай шығуымыз мүмкін», - деді Ирина Унжакова. 

Осы депутаттық сауал арқылы «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері өңірлер бойынша вакцина жеткізудің нақты жоспарын, халықтың барлық топтарын вакциналау кестесін, сондай-ақ вакцинацияның барлық пунктері туралы, тіпті, оның ішінде, толық ақпарат беруді талап етіп отыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар