01 мау, 2020 сағат 11:18

Жыл басынан бері елімізде балалардың терезеден құлауының 21 оқиғасы тіркелді

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының басшысы Орал Абдрахманов биыл елімізде балалардың терезеден құлауының 21 дерегі тіркелгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың терезеден құлауы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өкінішке қарай, биылғы 5 айда балалардың терезеден құлауының 21 оқиғасы тіркелді. Осыған байланысты комитет тарапынан мемлекеттік стандарттарға тиісті өзгерістер енгізілді», - деді О. Абдрахманов онлайн баспасөз мәслихатында. 

Оның пайымынша, қабылданған шаралар жазатайым оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік жасайды. 

Осы орайда басқарма басшысы балалардың жарақаттануы мен терезеден құлауына жол бермес үшін мемлекеттік стандартқа терезе блоктарындағы қауіпсіздік құлыптарын толықтыру туралы талап көзделгенін назарға ала отырып, тиісті ұсыныстар жолданғанын жеткізді.