05 нау, 2021 сағат 13:00

Жыл басынан бері 120-ға жуық адам жемқорлық әрекетіне жол бергені үшін сотталды

Биылғы жылы (екі ай) шамамен 120 адам сотталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Cотталғандардың ішінде 28 адам пара алғаны, 50 адам пара бергені, 20 адам алаяқтық, 11 адам ұрлық жасағаны, 7 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін және т. б. сотталды.

Бас бостандығынан айыруға – 41, бас бостандығын шектеуге – 10, еселік айыппұлдарға – 63 адам, қалғандары шартты мерзімге не кейінге қалдырумен сотталды.

144 адамға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылды (бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін): 115 адам - белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 27 адам - арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 2 адам мүлкі тәркіленіп сотталды.