Тәуелсіздік жылдары бар ынтасымен күрескен, еңбектенген, біздің жаңа мемлекетімізді құрған жүздеген, мыңдаған есімді ашты. Осы байырғы жерде ата-бабамыздың мыңнан астам алдыңғы ұрпағы қашанда осы аумақты шыдаммен, табандылықпен игере отырып, ерлікпен қорғап, иеленіп, орналасып, бір халық боп бірікті, бір тілді қабылдады, өздерінің сенім жүйесін қалыптастырды, бірегей мәдениетті, дәстүрлерін, салттарын құрды. Қашанда қиындықты алғаш боп кездестіргендер, ауырлықты өз мойнына алғандар, қиындыққа иығын тосқандар, қарсыласына жалғыз шапқандар, жауға алғаш боп шыққандар, отты өзіне шақырғандар, қалыптастырғандар, тудырғандар болды. Үнемі, қашанда алғаш жол салушылар болған. Халық пен тұлғалар. Тұлғаларсыз халық жоқ, халықсыз тұлғалар да жоқ. Үйлестікте ғана жетістік бар, бірақ, қарама-қарсылықта емес. Адамзат тарихында тұлғаға табынудың ұзақ уақыты болған, алайда, ерлердің, тарихты жасаушылар рөлін естен шығарған кезеңдер де оның біраз бетін алып тұр.
Палеогенетиктер 12 мың жыл бойы, 20 мың жыл бұрыннан бастап 7,5 мың жыл бұрынға дейін бұл аумақты біздің шығыстан, оңтүстіктен және солтүстіктен келген алыс бабаларымыз қоныстана бастағанын, осы жерде біріккенін көрсетті. Әлдекім біздің өлкеге баратын жолды көрсеткен. Ғалымдар, зерттеушілер әлемнің барлық халықтары Африка құрлығынан шыққан дейді. Біздің сонау бабаларымыз бөлініп, бірі солтүстікке, қалғаны шығысқа, батысқа жол тартқан. Біздің жерімізде ғана бірқатар рулар мен тайпалар бірыңғай халықты құру үшін, 20-25 мың жылдан кейін қайтадан кездескен.
Адамзаттың мыңдаған жылдық тарихы драматизмге, ерлікке толы. Апаттар, тасқындар, зілзала, өрт, аштық, қатты аяз бен осыған ұқсас сүргіндер тұтас бір буынды бірнеше мәрте өлім мен өмір арасына қойып отырған, тірі қалу үшін қайта-қайта жаңа кеңістіктерді игеруге, жаңа істі, еңбек құралын меңгеруге мәжбүрлеген. Популяциялық «бөтелке аузы» дегендер адамзаттың апаттық демографиялық қазалары олардан тым аз, ондаған мыңының ғана өтуіне әкелген. Бағалауымызша, біздің буын рет санымен 1600 болады, тірі қалған, төзім танытқан, осы шексіз қиындықтар мен кедергілерді жеңе алғандардың ұрпағы болып табылады.
Әрі осы мықты, өмірге құштарлардың буынын батыл, ержүрек, тапқыр әрі епті, алға, жаңа өмір деп аталған беймәлім дүниеге шақырушы, тартушы оптимистер бастаған. Әрбір уақыт өз батырын талап етті және де оларда қандай да бір ру, тайпа болмаса, олардың аман қалуына, қиындықты жеңуіне әрі тарих ағынында қалуына мүмкіндік болмас еді. Бәріміз де алыптардың иығында тұрмыз.
Біз батырлар, ерлер жері, халқы екенімізді мақтан ете аламыз. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Томирис (Тама Ырыс болуы мүмкін). Шамамен 300 жыл бойы біздің еліміз жоңғарлар тұтатқан қанды шапқыншылықтарға төтеп беріп, адамзат тарихында ең ұзаққа созылған тірі қалу соғысын жүргізді десек те болады. Осы жылдары тарих сахнасына атақты батырлар Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жалаңтөс баһадүр шықса, одан біраз уақыттан соң – Ағыбай, Есет батыр, шақшақ Жәнібек, Исатай, Махамбет, даламыздың басқа да жүздеген белгілі де белгісіз атақты ұлдары өз жерінің, өз елінің туын ерлікпен, мақтанышпен көкке көтерді. Атақты хандар – Абылайхан, Әбілқайыр, Тәуке, билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке, әйгіл – Бұқар жырау мен Қорқыт бабаларымыз, бәрін сыйғыза алмаймыз. Халық өңкей тобыр емес, оның күші лайықты ұлдары мен қыздарында.
Отаршылық уақытта Абай, Шоқан, Шәкәрім, Құрманғазы, Махамбет, саясаткерлер – Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, кеңестік уақытта – жүздеген батыр-ғалымдар – Қаныш Сәтпаев, жазушы Мұхтар Әуезов, саясаткерлер – Жұмабай Шаяхметов, Дінмұхамед Қонаев, Бәйкен Әшімов, өнер қайраткерлері – Ахмет Жұбанов, Әзірбайжан Мәмбетов, Шәкен Айманов, Ілияс Есенберлин, Олжас Сүлейменов, Роза Бағланова, Сәбира Майқанова, Шара Жиенқұлова, Ұлы Отан соғысы батырлары – екі мәрте батыр Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Сергей Луганский, Ағадил Сухамбаев, Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, генерал Иван Панфилов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев және көптеген басқаларының есімдері сарқылмас даңққа бөленген.
Халқымыздың осы жарқын дәстүрлері тәуелсіздік жылдары бұрын болмаған биікке көтерілді. Алғашқы жүздіктегі бірінші нөмірмен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүретіні сөзсіз.
Бірегей табиғи дарынға, қажымайтын күрескер күшіне ие харизмалы көшбасшы өзінің көрнекті халықаралық беделін ұлғайта түседі, елге қызмет ету ісіне өзінің әдеттен тыс қабілеттерін толығымен береді. Оның үлесіне құн жетпейді. Оның басшылығымен біздің тәуелсіздік қалыптасты және бұл – біздің басты құндылығымыз. Тәуелсіздік туралы Декларация қабылданды, мемлекеттік шекара туралы барлық Шарттар айқындалды және қол қойылды, Конституция қабылданды, әскер құрылды, демократиялық қағидаттармен сайлау жүйесі, көп партиялылық, екі палаталы парламент, сот жүйесі жүзеге асырылды, кең көлемде жекешелендіру жүргізілді, нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды, кәсіпкерлер табы пайда болды, ұлттық валюта енгізілді, тұрақты қаржы жүйесі құрылды, айтарлықтай шетелдік инвестициялар тартылды, әлемнің күллі елдерімен дипломатиялық қатынастар орнатылды, әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік стратегиялық бағдарламалары жасалды және іске асырылуда. Нұрсұлтан Назарбаев есімі ерекше орын ала отырып, жүз есім тізімін бастап тұруға тиіс, ал ол 1+100 деп аталса құба-құп.
Тәуелсіздікке жету, оны нығайту үшін күресте көптеген жандар тұр. Уақыт сынағына, жүктеменің ауыртпалығына барлығы бірдей шыдамағаны рас. Бұл үшін оларды кінәлаудың қажеті шамалы. Олар өздеріне тарих берген жолының бір бөлігін басып өтті. Алайда, осы 25 жыл бойында тәуелсіздіктің қалыптасуы, тұрақтылығы үшін күресте сеніммен еңбектенген адамдар шоғыры бар. Президенттің жанында болғандар – Нұртай Әбіқаев, Темірхан Досмұхамбетов, Махмұд Қасымбеков, Ахметжан Есімов, Иманғали Тасмағамбетов, Қасымжомарт Тоқаев, Нұрлан Нығматуллин.
Көп қырлы жауапты қызметтерді орындаған елдегі саяси қайраткерлер тобына Бақытжан Жұмағұловты, Мұхтар Құл-Мұхаммедті, Марат Тәжинді, Қырымбек Көшербаевты, ДаниялАхметовті жатқызуға болады.
Бақытжан Жұмағұлов «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ретінде оның салмақты саяси күшке айналуына сүбелі үлес қосты, білім және ғылым министрі ретінде білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасының нығаюына көп еңбек сіңірді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ беделін айтарлықтай көтерді, айтулы білім және ғылым қайраткері Өмірбек Жолдасбековтің басшылығымен құрған Ұлттық инженерлік академияның рөлі мен маңыздылығын көтерді.
Мемлекеттігіміздің, оның ерекше атрибуты – әскердің қалыптасуында ерекше рөлі болған жарқын тұлғалар арасында алғашқы қорғаныс министрі, әскер генералы, Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің тұлғасы ерекше орын алатыны сөзсіз, эстафетаны қазақтан алғаш шыққан авиация генералы, Халық Қаһарманы, мәжіліс депутаты Мұхтар Алтынбаев лайықты түрде жалғастырды. Тәуелсіздіктің 100 ұлы есіміне сөзсіз үміткерлер: атақты ғарышкерлер – Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы, генерал Тоқтар Әубәкіров, Ресей батыры, Халық Қаһарманы, генерал Талғат Мұсабаев, ауған науқанының батыры, Халық Қаһарманы, генерал, мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев.
Ішкі қауіпсіздігіміздің ержүрек қорғаушылары милицияның қалыптасуында аты аңызға айналған генерал-полковник Қайырбек Сүлейменов маңызды рөл атқарды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің 139 елімен дипломатиялық қатынастар орнатты, Астана ірі халықаралық форумдардың орталығына айналды, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі боп сайланды, ШЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, АӨСШК бастамашысы. Күрделі сирияаралық келіссөздерді ұйымдастырушы. Елдің елеулі дипломатиялық мектебі өсіп шықты, дипломаттардың жоғары кәсіпқой шоғыры қалыптасты. Олардың арасында БҰҰ Қазақстанның алғашқы өкілі Ақмарал Арыстанбекова, дарынды сыртқы істер министрлері, елшілер – Ерлан Ыдырысов, Ержан Қазыханов, Тайыр Мансұров және басқалары бар.
Еліміз нарықтық экономика қағидаттарына көшкеннен кейін оның қозғаушы күші кәсіпкерлік болды. Тәуелсіздік жылдарында орта тап пайда болды, ірі, орта, шағын бизнес қалыптасты. Экономиканың барлық салаларында дарынды, жетістікті кәсіпкерлердің көптеген жарқын есімдері пайда болды. Нұржан Сұбханбердин банк саласында, Райымбек Баталов тамақ өнеркәсібінде, Нұрлан Смағұлов саудада және басқалары. Біршама табыстылары миллиардер атанды. 2017 жылы Форбс тізіміне бес қазақстандық ілікті. Олардың қатарында – Болат Өтемұратов (2,3 млрд. долл.), Владимир Ким (2,1 млрд. долл.), Тимур Құлыбаев (2,1млрд. долл.), Динара Құлыбаева (2,1 млрд. долл.), Алиджан Ибрагимов (1,9 млрд. долл.).
Ұлттық экономикада мұнай-газ секторының рөлі даусыз. Мұнай өндіру жөнінен әлемде 20 орын ала отырып, аталмыш сектор бюджетке негізгі салық төлеуші, елге валюталық түсімдер көзіне айналды. Осы саланы көтерген алғашқы есімдер арасында Нұрлан Балғымбаев, Ұзақбай Қарабалин, Балтабек Қуандықов, Равиль Шырдабаев бұрын болмаған биікте тұр.
Нұрлан Балғымбаев Қазақстан Республикасы мұнай және газ өнеркәсібі министрі, Ұлттық мұнай-газ компаниясы «Қазақойл» президенті, елдің премьер-министрі, «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті болды.
Ұзақбай Қарабалин 1997 жылдан бері мұнай газ саласында – «Қазақойл», «ҚазТрансГаз», «ҚазМұнайГаз», КИНГ, мұнай және газ министрі лауазымында жүрді. «Алтын жұлдыз» белгісімен және «Отан» орденімен марапатталған «Қазақстанның Еңбек Ері», Ұлттық инженерлік академияның академигі.
Балтабек Қуандықов геология және жер қойнауын қорғау, энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары, «Қазақстанкаспийшельф» МҚ, «Қазақойл» ҰМК президенті, «Шеврон Оверсиз Петролеум» (АҚШ) компаниясының Бас кеңесшісі, «Нельсон Рисорсис Лимитед» және «Меридиан Петролеум» компанияларының президенті.
Қазақстанның тау-кен өндіру секторы, металлургиясы ұлттық экономикада екінші орын алады, оның маңызды жоталарының бірі. Еліміз минералдық шикізаттың бірегей қорларына ие бола тұрып, хром, никель, титан, мыс, мырыш, қорғасын, күміс, глинозем саласында ірі өндірушілердің ондығына сеніммен кіреді. Бұл жерде де түсті металлургияны ғаламат биікке асқақтатқан Сауық Тәкежановтың, Бағдат Шаяхметовтің, Ахат Күленовтің есімдері жарқын көрініс береді.
Сауық Тәкежанов елдегі белгілі металлургтердің бірі, түсті металлургия министрінің орынбасары, министрі, вице-премьер, Жоғарғы Кеңес депутаты, Инженерлік академия академигі, оның белсенді әрі тікелей қатысуымен түсті металлургия зауыттарында атақты КИВЦЭТ, СВҚ (сұйық ваннада қорыту) технологиясы енгізілді, елдегі үлкен инженерлік мектеп, Инженерлер одағының негізін қалаушылардың бірі. «Қазқорғасын», «Қазметалл» АҚ Бас директоры.
Бағдат Шаяхметов Қазақстанның Еңбек Ері. 1993–2013 жылдар аралығында 20 жылдан астам уақыт түсті металлургия флагманы «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ басқарды, елдегі ірі экспортқа бағдарланған металлургия комбинатының тұрақты жұмысын қамтамасыз етті. Комбинат титан сорғышты әлемдік өндірушілер мен экспорттаушылардың көшбасшы тобына кіреді. ӨТМК Б.Шаяхметов көптеген инновациялық бұйымдарды игеруге қол жеткізді, шикізатты өндіру, байыту, титан бойынша ең соңғы технологиялық шектерді құрды, титан құймалар мен қорытпалар өндірісі қолға алынды.
Ахат Күленов 1956 жылдан 1995 жылға дейін жұмысшыдан ауысым шебері, технолог, цех бастығы, бас инженер, комбинат директоры, содан соң «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты» ААҚ (ӨҚМК) президентіне дейінгі жолдан өтті. Қорғасын-мырыш комбинаты оның басшылығымен техникалық жабдықтау және қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі бойынша ең жетекші кәсіпорынға айналды. Оның бастамасымен алтын мен күмісті өндіру жөніндегі тұйық айналым құрылып, бұл елдегі алтынның тұрақты өндірісі мен экспортын қамтамасыз етті. ӨҚМК-да Қазақстан тәуелсіздігі нышандарының біріне айналған алғашқы қазақстандық құйма құйылды. Ахат Күленов Жоғарғы Кеңес депутаты, республика Парламентінің депутаты боп сайланып, көптеген марапаттар мен сыйлықтарға ие болды. 1994 жылы оған Қазақстанның Халық Қаһарманы жоғары атағы берілді.
Елдегі өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі жөнінен үшінші орында тамақ өнеркәсібі тұр, оған ұн тарту, нан-тоқаш, макарон, кондитерлік, май, ет-сүт, консерві секілді қосалқы салалары кіреді. Сусындар шығару айтарлықтай ұлғайды. Көптеген жайғасымдар бойынша көрсеткіштер өсіміне қол жеткізілді, шығару сұрыпталымы кеңейді. Аталмыш маңызды салада көптеген қайраткерлер бар. Олардың арасынан көп жылдар бойы «Рахат» компаниясын басқарған Анатолий Попелюшконы, Қазақстанның шарап өндірушілер одағының президенті Артуш Карапетянды ерекше атау қажет.
Ауыл шаруашылығы – ұлттық экономикадағы базалық және келешегі бар салалардың бірі. Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аграрлық сектордың рөлі өсе беретін болады. Қазақстан қазірдің өзінде әлемдік нарыққа бидайды ірі жеткізушілер ондығына кіріп отыр, ұн жеткізу жөнінен сенімді түрде көш басында, зәйтүн тұқымдастар экспортын ұлғайтуда, зәйтүн зығырын шығару жөнінен үшінші жайғасымға жетті. Аталмыш салада Қазақстанда керемет дайындамалар, көптеген лайықты есімдер баршылық. Еңбек майданында тары өсіруші Шығанақ Берсиев, күрішші Ыбырай Жақаев, шопан Жазылбек Қуанышбаев рекорд жасап, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанып, қызылша өсіруші Нұрмолда Алдабергенов, жүгері өсіруші Николай Головацкий керемет нәтижелерге қол жеткізіп, тың игеру жылдары механизаторлар Наталья Геллерт, Кәмшат Дөненбаева ерекше көзге түсті.
Тәуелсіздік жылдары аграрлық сектор бірқатар нарықтық өзгерістерге ұшырады. Көпшілігінің жаңа жағдайда жұмыс жасауға шамасы келмеді. Осы жерде жаңа аграрлық өндірісті ұйымдастырушылар – көрнекті қайраткерлердің бүтін бір шоғыры алға шықты. Валентин Двуреченский, Геннадий Зенченко, Иван Сауэр. Соңғы жылдары аталмыш салаға көрнекті саяси және қоғам қайраткері, белгілі спортшы Темірхан Досмұхамедов серпінмен кіріп, бірегей нәтижелерге жетті.
Валентин Двуреченский, ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстанның Еңбек Ері, 2011 ж., 1992 жылы «Қостанай НИИСХ» ЖШС бас директоры бола тұрып, астық тұқымдастарды шығаруда бірегей көрсеткіштерге қол жеткізді. Геннадий Зенченко «Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері. Иван Сауэр 1987 жылдан бері «Родина» агрофирмасын басқаруда, «Қазақстан Ет одағының» төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері.
Темірхан Досмұхамбетов көпсалалы ғылыми-өндірістік «Байсерке Агро» холдингін құрды. Ол асыл тұқымды мал шаруашылығымен, жылқы шаруашылығымен, қой шаруашылығымен, өсімдік шаруашылығымен, соның ішінде дәнді дақылдар өсірумен (бидай, арпа, соя, сұлы), азық дайындаумен (шөп, пішендеме, сүрлем, сабан), ет пен сүтті қайта өңдеумен, жылыжай шаруашылығымен, құс шаруашылығымен айналысады. Холдингте ең алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялар негізінде рекордтық нәтижелер алуға мүмкіндік берген ғалымдар мен практиктердің үйлесімді ұжымы жұмыс жасайды: әдеттегі 5–7 центнерде «тритикале» сұрпындағы бидайдың 116 центнері, жүгері – әдеттегі 30–35 жағдайында бір гектардан 120-дан бастап 140 тоннаға дейін, соя – Қазақстан бойынша орташа алғанда бір гектардан 19,7 центнер болғанда бір гектардан 32,8–49,2 центнер. Әрқайсысына 200 бастан сиятын сиыр қоралар қызмет жасайды. «De Laval» компаниясының алты роботы ерікті сауу қағидаты бойынша тәулігіне 24 сағат жұмыс жасайды. Мұндай ұстаным жағдайында орташа тәуліктік сауым 32 литрді құрайды, рекорд – 75 литр.
Қазақстан көліктік держава, темір жолмен жүк айналымы көлемі жөнінен әлемде 9-орын аламыз. Мұнда көрнекті теміржолшылардың, ондағы басшы Нығматжан Есенғариннің, Амангелді Омаровтың рөлі даусыз. Қазіргі уақытта транзиттік тасымалдаулар айтарлықтай өсті, оған жаңа жолдар тұрғызу көліктік машина жасау – электровоздар, тепловоздар, вагондар, рельстер және т.б. шығару жөніндегі жаңа кәсіпорындар құрылысының бұрын болмаған қарқыны септесті. Бұл жетістіктерге көбінесе қазіргі вице-премьер Асқар Маминнің ҚТЖ басшылығы кезеңінде қол жеткізілді.
Алматы халықаралық әуежайы дарынды менеджер Айбол Баймұхамбетовтың басшылығымен Орталық Азиядағы қуатты хабқа айналды. Жыл сайын қабылданған авиасапалар мен қызмет көрсетілген жолаушылар саны жөнінен рекордтар орнатады.
Азаматтық авиация елдегі тәуелсіздік жылдары ішінде сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтерілді. Авиациялық қызметтер нарығы және жаңа авиакомпаниялар құрылды, әуежайлар желісі кеңіді. Авиажолаушылар тасымалы 5 млн. адамнан асты. Эйр Астана, СКАД, БекЭйр, QasaQЭйр авиакомпаниялары бар. Авиатасымалдаулар нарығының көшбасшысы 2001 жылы құрылған «Эйр Астана» болып табылады, ол 64 бағытқа қызмет көрсетеді, Париж, Лондон, Франкфурт, Дубай, Ыстамбұл, Мәскеу, Дели, Берлин, Баку, Ташкент, Тбилиси, Тегеран, Сеул, Куала-Лумпур, Бангкок, Душанбе, Бішкекке ұшады. Азаматтық авиацияны ең заманауи халықаралық деңгейге көтеруде «ЭйрАстана» авиакомпаниясының 2005 жылдан бергі президенті – Питер Фостер айтарлықтай рөл атқарды, 10 жыл ішінде ол компанияны тасымалдау көлемі, қызмет көрсету сапасы, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінен Азияда көшбасшылық ұстанымдарға шығара алды. 2015 жылы Питер Фостер Британ империясы Орденінің (OBE) Кавалері атағына ие болды.
Құрылыс көптеген қосалқы салаларды өзіне алатын жылдам дамушы сала. «Базис» компаниясы мен оның ауыспайтын басшысы Александр Белович, BІGroupхолдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбеков, «Koktem Group Ltd» ЖШС директоры Мұрат Әділханов елеулі еңбек сіңірді, АЗМК президенті Ахметжан Шардинов – жылдың үздік инженері, Халықаралық инженерлер академиясының корреспондент-мүшесі, 2013–2016 ж.ж. Қазақстан халқы Ассамблеясы төралқасының мүшесі. АЗМК мыңдаған, көп ұлтты ұжымы ең инновациялық көпірлік конструкцияларды шығара отырып, көптеген мемлекеттік марапаттар мен сыйлықтардың иегері Ахметжан Бәкрімұлының басшылығымен тәуелсіздіктің барлық 25 жылы ішінде қазақстандық жолдардың аса маңызды барлық құрылыстары үшін үздіксіз, сапалы сенімді жеткізуді қамтамасыз етті және қамтамасыз етіп отыр.
Тәуелсіздіктің қалыптасуында, тұрақты экономиканың қалыптасуында қаржы жүйесінің сенімділігі маңызды рөл атқаратыны даусыз. Аталмыш секторда көптеген дарынды адамдар, ең жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар еңбек етті әрі еңбек ете береді. Бұл жүйе салмақты қиындықтар, гиперинфляция, ресурстар дағдарысы, жекелеген банктер күйреуі, басқа да сәтсіздіктерді бастан өткерді. Алайда, қиын-қыстауға қарамастан, қиындықтармен аса қатаң күресте қалыптасқан басқарушылардың жаңа командасының күш салуы арқасында елдегі қаржы жүйесінің сенімділігіне қол жеткізе алдық. Әрі мұнда, осы 25 жылдың бәріне төзе алғандар арасынан вице-премьерді, қаржы министрін, Халық Банктің директорлар кеңесі төрағасы Александр Павловты, Қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Серік Ақановты, вице-премьер Дәулет Сембаевты, Халық Банк басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованы ерекше атауға болады. Халық Банк салыстыра тексерілген консервативтік саясатының арқасында тұрақты жұмысты қамтамасыз етті, 25 жыл бойы экономиканың, бизнестің, халықтың маңызды кредиторына айналды.
Қаржы саласында елдегі Ұлттық Банк орталық орын алады. Аталмыш саланың тұрақтылығын, болжамдылығын қамтамасыз етуде 1999–2004 ж.ж. 2009–2013 ж.ж. кезеңінде оның төрағасы боп қызмет еткен Григорий Марченко елеулі еңбек етті.
Құқықтық мемлекет қағидаттарына сүйенетін жаңа елдің қалыптасуында жоғары білікті заңгерлер рөлі сөзсіз. Құқықтық салада Сұлтан Сартаевтың, Салық Зимановтың дәстүрін жалғастырып, бұрынғы әділет министрі Нағашыбай Шайкенов, Конституциялық сот төрағасы Игорь Рогов, бірінші санатты заңгерлер Сансызбай Райымбаев, Жолымбет Баишев, Нұрлан Әбдіров және дарынды заңгерлердің бүтін бірқатары айтарлықтай орында тұр.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттің тіршілік әрекеті қағидалары, нормалары, заңдары өткір пікірталастарда, қызу дебаттарда құрылған. Әрі мұнда елдің Парламенті сөзсіз маңызды рөл атқарды. Жарқын тұлғалар, стандарттан тыс тұлғалардың көпшілігі оның мінбері арқылы өтті. Серікболсын Әбділдин, Қаратай Тұрысов, Өмірбек Жолдасбеков, Жармахан Тұяқбай, Марат Оспанов, Ғани Қасымов және басқалары. Гүлжан Қарағұсованың, Дариға Назарбаеваның, Мәулен Әшімбаев және бірқатар басқаларының парламенттік қызметін ерекше көрсету керек.
Елімізде мәдениет дәстүрлері өте зор. Ермек Серкебаевтың, Роза Жаманованың, Бибігүл Төлегенованың, Асанәлі Әшімовтың, Нұрғиса Тілендиевтің, Шәмші Қалдаяқовтың, Сейдолла Бәйтерековтің, Кеңес Дүйсекеевтің дәстүрлерін жалғастырып, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Нұрлан Абдуллин, Марат Бисенғалиев, Қыдырәлі Болманов, Батырхан Шүкенов, Еркеш Шәкеев, жаңа жұлдыздар Алан Бөрібаев, Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас жарқырап көрінді. Режиссерлар Рубен Андриасян, Есмұқан Обаев, Тимур Бекмамбетов, Ермек Тұрсынов.
Жазушылардың, композиторлардың шығармашылық одақтары айтарлықтай жұмыс жасады. Тәуелсіздік жылдары ішінде жазушылар Герольд Бельгер, Нұрлан Оразалин, композитор Е.Хасенғалиев, Балнұр Қыдырбек және басқалары ерекше белгілі болды.
Спортшыларымыз да биікті бағындырды. Көп мәрте чемпион, әлемдік біріншіліктер иегері, балуан Дәулет Тұрлыхановтың, боксшы, Олимпиаданың күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың, алғашқы олимпиада чемпионы болған қазақ Жақсылық Үшкемпіровтің дәстүрлерін жалғастырып, олимпиадалардың жоғарғы баспалдағына боксшылар Ермахан Ибраимов, Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Василий Жиров, балуан Юрий Мельниченко, шаңғышы Владимир Смирнов, велосипедші Александр Винокуров, жеңіл атлет Ольга Шишигина, Ольга Рыпакова, жүзгіш Дмитрий Баландин көтерілді, шахматшы Дәрмен Сәдуақасов, зілтемірші Анатолий Храпатый, гимнаст Әлия Юсупова үлкен спорттық жетістіктерге жетті.
Қазақстандық спорттың беделін көтеруде елдегі Олимпиада комитетінің басшылары Аманша Ақпаев, Темірхан Досмұхамбетов аса зор жұмыс жасады. Т.М.Досмұхамбетов елдегі ОК басшылық еткен жылдары Лондонда өткен Олимпиадада Қазақстан тарихында болмаған биіктікке көтеріліп, жалпы есепте 12-орынға табан тіреді.
Геннадий Головкин атақты кәсіпқой боксшы атанды. 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда шахтер отбасында дүниеге келген. Әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы (2003). Олимпиада ойындарының вице-чемпионы (2004). WBA (Super) (2010–б.у.), ІBF (2015–б.у.), WBC (2016–б.у.), ІBO (2011–б.у.) нұсқалары бойынша әлем чемпионы. «TheRіng» журналының нұсқасы бойынша салмақ санатына қарамастан ең үздік боксшылар үштігіне кіреді, WBC конвенциясы атағы – «Ең үстем боксшы ретінде», – «Жылдың ең үздік оқиғалары үшін», оны орта салмақтағы нокауттардың ең жоғары пайызымен әлем чемпионы ретінде әлемдік рекорд иесі ретінде тану туралы Гиннестің Рекордтар кітабының сертификаты, ІBF34-конвенциясында Джерси Джо Уолкотт атындағы ең жоғарғы марапат берілген. 2013 жылы беделді USA Today америкалық басылымы мен «The Rіng» журналы оқырмандарының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанды.
Тәуелсіз Қазақстан дамуының барлық жылдарында денсаулық сақтау жүйесі үнемі басымдықты салалар қатарында. Аталмыш салада ондаған мың жанкешті дәрігер еңбек етуде. Олардың саны 60 мың дипломды дәрігер мен 120 мыңнан астам орташа медициналық жұмысшыдан асып жығылады. Олардың арасында жарқын есімдер көп. Камал Ормантаевтың, Төрегелді Шармановтың және басқаларының дәстүрлерін жалғастырып, дәрігерлердің бүтін бір шоғыры әлемдік тануға қол жеткізді, олардың арасында Серік Ақшолақовтың, Юрий Пяның есімі бар.
Көрнекті нейрохирург Серік Ақшолақовтың басшылығымен Орта Азиядағы нейрохирургиялық қызметтердің толық спектрін көрсететін көшбасшы клиникалардың біріне айналған Ұлттық нейрохирургия орталығы құрылып, әлемдік деңгейге жетті. Оның базасында Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар федерациясының (WFNS) Білім беру курстары өтеді. Орталық халықаралық ІSO 9001–2000 сапа сертификатын иеленді. Еуропалық және Дүниежүзілік нейрохирургиялық қоғамдар қауымдастығына кірді, Халықаралық Біріккен Комиссия (Joіnt Commіssіon Іnternatіonal) аккредиттеуінен өтті. JCІ – медициналық ұйымдар сапасы мен қауіпсіздігін әлемдегі беделді әрі объективті танудың «алтын стандарты» болып табылады. X Азиялық Нейрохирургтер Конгресінің өткізілуі. ІІІ Азиялық нейрохирургиялық медбикелер конгресінің өткізілуі. Joіnt Commіssіon Іnternatіonal (Біріккен халықаралық комиссия, JCІ) үш жылдық реаккредитациясы. Серік Ақшолақов көптеген халықаралық, республикалық сыйлықтардың лауреаты, көптеген марапаттар иесі. 2016 жылы оған Алтын жұлдыз бен Отан орденін табыстаумен лайықты түрде Қазақстанның Еңбек Ері жоғары атағы берілді.
Кардиохирург Юрий Пя көрнекті жетістіктерге қол жеткізді. Оның басшылығымен «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ әлемдегі осындай түрдегі ең үздік орталықтардың біріне айналды. Әрі қазіргі кезде заңды түрде жүрекке жоғары технологиялы операциялар жасалатын 22 үздік клиника қатарына кіреді. Юрий Пя көптеген құрметті атақтар мен регалияларға лайық болған. 2013 жылғы желтоқсанда оған лайықты түрде «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Елімізде білім беру дәстүрлері мықты. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында, дамуында 7,4 мыңнан астам мектеп аса зор, баға жетпес үлесін қосып жатыр, оларда 365 мың мұғалім еңбек етуде. Орта білімде педагог, математика пәнінің мұғалімі Аягүл Миразованың жұлдызы жарқырады, ол Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры, білім беру саласындағы алғашқы Еңбек Ері.
Орташа кәсіптік білім беру жүйесінде 780-ден астам колледж бар, онда шамамен 500 мыңнан астам студент білім алады және 37,5 мың оқытушы еңбек етеді. Ең көп сұралатын орта буын мамандарын даярлауда дуалды оқыту бағдарламаларын жүзеге асырып, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықта «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» көрнекі орын алады. Колледж директоры Төлеуғали Тайтөлеевтің басшылығымен ұжым елеулі табыстарға қол жеткізген.
Тәуелсіздік алып, әсіресе, елорда Астанаға көшкеннен кейін білім берудегі барлық тізбектер қызу даму қарқын алды. Әлемдік санаттағы университет «Назарбаев университетін» құру туралы шешім революциялық сипатта болды, ол доктор Шигео Катсу басшылығымен айналымға еніп, ең жоғары санаттағы кадрларды дайындап жатыр.
Орта буындағы барлық мамандықтарға сұраныс айтарлықтай өсті. 15 жыл ішінде елеулі жетістіктерге жеткен «Тұран Астана» колледжі аталмыш салада елеулі орын алады. Ол Астана қаласы мемлекеттік емес колледждері арасында түлектердің жұмысқа тұруы жөнінен ең үздік боп танылды. Колледж беделінің өсуі, инновациялық технологияларды енгізу өсіп келе жатқан халықаралық байланысқа септеседі. Қазіргі уақытта Вестминистрлік колледжбен, Кембридж өңірлік колледжімен (Лондон), Ротенбург қаласындағы Техникалық мектебімен (Германия), Париждегі Америкалық университетпен, Анталья Туризм академиясымен (Түркия) бірге даярлық жүргізілуде. Аталмыш жетістіктерге жетуде негізі қаланған күннен бері колледжді басқарып келе жатқан Айнагүл Жанетованың еңбегі зор.
Жоғары білім беруде С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды бұрын-соңды болмаған биіктікке – КСРО-дағы үшінші орынға көтерген Өмірбек Жолдасбековтің, ҚарМТУ-ды көрнекті техникалық университетке айналдырып, аталмыш университетте 25 жылдан астам басшылық еткен, Социалистік Еңбек Ері Әбілқас Сағыновтың, С.М.Киров атындағы ҚазМУ химия факультетінің деканы, химия факультетін Одақтағы бірінші орынға көтерген Батырбек Бірімжановтың еңбектері ерекше атауға тұрарлық. Олардың дәстүрлерін жалғастырып, елдегі Жоғары оқу орындары қауымдастығы «Онжылдық ректоры» ретіндегі А.Байтұрсынов ерекше алтын медалімен марапаттаған Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Жамбыл Ақылбаевтың да еңбегін айта кеткен жөн.
Көптеген беделді сыйлықтар мен марапаттар лауреаты, көрнекті пианиношы профессор Жәния Әубәкірова басшылығымен Құманғазы атындағы Ұлттық консерватория бұрын болмаған биікке шықты. Консерваториямыздағы студенттер алдынан Карнеги-холл (Нью-йорк), Лондон, Париж, Берлин, Пекин, Мәскеу және басқа да атағы кем түспейтін көптеген алаңдардың концерт залдары сахналарын айқара ашты. Ұлттық Өнер академиясының ректоры, Қазақстан Еңбек Ері, профессор, көрнекті скрипкашы Айман Мұсахожаева оған сай келеді.
Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін Экономика ғылымдары академиясының академигі, ауыспайтын ректор Ерқара Аймағамбетов 25 жыл ішінде кезіндегі салалық, ведомстволық жоғары оқу орнынан халықаралық деңгейдегі салиқалы университетке айналдырды.
Қазақстанның ғылымы айтулы дәстүрлерге ие. Қазақстанның академик Қаныш Сәтпаев бастаған ғалымдары экономика дамуына салмақты үлес қосты. Елде геология, тау-кен ісі, металлургия, химия, агрономия, жер шаруашылығы және басқа бірқатар табысты ғылыми бағыттар қалыптасты. Тәуелсіздік жылдарында академик, профессорлар Сұлтанбек Қожахметов, Әбдіғаппар Әшімов, Аманжол Қошанов, Зұлхайыр Мансұров, Михаил Наурызбаев, Мұхтарбай Өтелбаев, Асқар Жұмаділдаев, Карл Байпақов, Нұрболат Масанов, Әбсаттар Дербісалиев, Меруерт Әбусейітова, Жәкен Таймағамбетов, Ахметқал Медеуов зерттеулер нәтижелерін енгізуде айтарлықтай табыстарға жетті. Ауыл шаруашылығымен айналысушы академиктер Абай Сағитов, Иванов Николай Петрович, Оразалиев Рахим Алмабекұлының жетістіктері салмақты. Олар «Байсерке-Агро» ғылыми-өндірістік холдингінде жұмыс жасай жүріп, аграрлық саладағы ең жоғары халықаралық көрсеткіштерден асып, таңғаларлық нәтижелерге жетті.
Ғылыми және әлеуметтік саладағы жаңа құбылыс – саясаттану. Кезінде екінші рөлде болған ол тәуелсіздік жылдарында болып жатқан оқиғаларды сындарлы саралау, жаңа саяси мәдениеттің, барабар қоғамдық сананың қалыптасуы жөнінен алғашқы жайғасымдарға шықты. Саясаттанушылар кеңестері, қауымдастықтары құрылып, табыспен жұмыс жасауда, көптеген пікірталастар өткізіледі. Журналдар мен газеттердің елеулі саны шығарылады, соның ішінде интерактивтік форматта. Елде беделді ойы қазақстандықтардың ақыл-ойы мен жүректеріне айтарлықтай ықпал ететін дарынды саясаттанушылардың тұтас бір тобы қалыптасты. Олардың арасында Болат Сұлтанов, Данияр Әшімбаев, Ерлан Қарин және басқалары ерекше орын алады.
Серпінмен дамуымыздың қоғамдық процестерін дұрыс түсінгенде әлеуметтанудың рөлі маңызды. Көп құрылымды, аса күрделі, жылдам өзгеретін қоғамды басқаруда әлеуметтік процестердің тереңнен оқылып-зерттелуін, олардың сенімді өлшеулері қажеттігі даусыз маңызды бола бастады. Беделді социологтардың басқы жайғасымдарында Серік Сейдуманов, Зарема Шаукенова, Гүлмира Илеуова тұр.
Тәуелсіздік жылдары ішінде ардагерлік ұйымдар үлкен жұмыс жүргізді және жүзеге асыруда. 1987 жылы құрылған республикалық ардагерлер бірлестігі 1,8 млн. астам еңбек және соғыс ардагерінің мүддесін қорғайды. Ардагерлер қозғалысында оның республикалық басшылары – Мақтай Сағдиев, Ирина Савостина – «Поколение» Әлеуметтік және құқықтық қорғау қоғамдық қозғалыстары қауымдастығының төрағасы, Рүстем Хайдаров – Генералдар кеңесінің төрағасы, Еренғайып Шайхутдинов – Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагерлер қозғалысында елеулі еңбек сіңірді.
Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қажет жағдай жасауда ғана емес, олардың барлық қоғамдық өмір, еңбек қызметі салаларына біршама белсенді интеграциясы үшін көп нәрсе істелді. Елімізде мүгедектер саны 630 мың адамнан асып түсті, бұл ретте еңбек қызметімен айналыса алатын 266 мың мүгедек арасынан 25 пайыз қамтылған. Тәуелсіздік жылдарындағы еңбек, әлеуметтік бейімдеу мәселелерін шешуде мүгедектер одақтары, қауымдастықтары, қоғамдары маңызды жұмыс атқарады. Осы күрделі әрі сезімтал салада жүздеген ұйымдастырушы, белсенді, ерікті еңбек етеді. Саин Аружан, Әсия Ахтанова, Әли Аманбаев, Қайрат Иманалиевтерді ерекше атап өту керек.
Болат Тасболатов бар ынтамен қызмет етудің мысалы бола алады. Мансап жолының шарықтауында Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері, Шу аудандық ауруханасының бас дәрігері автомобиль апатына ұшырайды. 30 жыл бойы төсекке таңылып жатқан ол төзім танытып, керемет ерік-жігерін, өмірлік беріктігін көрсетті, медицина жөнінде кандидаттық диссертация қорғады, балаларын, немерелерін тәрбиеледі. Мүгедектердің мұқтаждығын дәрігер ретінде түсініп, алқа мүшесі ретінде Республикалық мүгедектер одағына аса белсенді түрде атсалысты, Ашық виртуалдық университет құру арқылы қашықтықтан оқытуды дамытумен айналысты, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесуде дәйекті түрде ұсыныстар енгізді.
Тәуелсіздік жылдарында бірегей әлеуметтік және саяси институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше орын алды. Елде тұратын барлық халықтардың топтасуы жөнінен маңызды міндеттерді орындау арқылы ұлттық-мәдени орталықтар елдің қоғамдық-саяси, мәдени өміріне белсенді түрде араласты. Ассамблеяның, этностық орталықтардың көптеген мың активтері арасында Юрий Цхай, Ахметжан Шардинов, Юрий Захаров, Бронислав Шин және көптеген қайраткерлерді ерекшелеуге болады.
Елдің саяси өмірінің маңызды жетістігі көппартиялылықты енгізу болды. Тәуелсіздік жылдарында серпінді партиялық құрылыс жүрді. Бір партиялар құрылды, басқалары әлі де барабар деңгейден өтіп жатты, үшіншілері бірікті, төртіншілері қызметін тоқтатып та жатты. Партиялар арасында елдің жетекші партиясы ретінде ресімделген «Нұр Отан» партиясы ерекшеленеді. Бұл көбіне Сергей Терещенко, Амангелді Ермегияевтің, Бақытжан Жұмағұловтың, Байбек Бауыржанның, Мұхтар Құл-Мұхаммедтің және көптеген басқаларының шексіз күш салуының арқасы. Саяси көкжиекте табысты көшбасшы Азат Перуашев басшылығымен «Ақжол» партиясы сенімді жайғасым алуда.
Қатарында 730 мыңнан астам мүшесі бар елдің кәсіподақтары айтарлықтай жұмыс атқарады. Көрнекті басшылар Қаратай Тұрысов, Тұтқабай Әшімбаев, Дина Әбдірахимова жақсы дәстүрлердің негізін қалады. Тәуелсіздік жылдарында Майра Амантаева басшылығындағы Білім беру қызметкерлері кәсіподағының рөлі көрнекті болды.
Тәуелсіздік жылдарында демократизация жағдайында қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар рөлі өсті. 27 мың тіркелген ҮЕҰ көпшілігі ел дамуына салмақты үлес қосады. Олжас Сүлейменовтің «Невада-Семей», Нұрлан Ерімбетовтің Азаматтық альянсы қоғамдық қозғалыстарындағы күш салу ерекше айқын көрінді.
Қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы БАҚ-тың рөлі жалпыға белгілі. Тәуелсіздіктің 25 жылында олардың құрылымында айтарлықтай сапалық жылжулар орын алды. Қазіргі уақытта 2,7 мыңнан астам БАҚ арасынан газеттер, 1,6 мыңнан астам 837 журнал, электронды БАҚ – 238, соның ішінде, 51 телеарна, 48 радиоарна, 133 шоғырсымды телевизия операторы, 6 жерсеріктік, 13 ақпараттық агенттік бар. Алайда, БАҚ статистикасы өзгермелі, мысалы, газеттер саны 1,3 мыңға дейін өзгерді. Әлеуметтік желілер, интернет-ресурстар, сайттар мәні артуда. Мемлекеттік емес БАҚ үлесінің 84 пайызға дейін ұлғаюы елеулі құбылыс болды, мемлекеттік БАҚ үлесі 16 пайызды құрайды. Бұрын бұқаралық жазылуға күш салынса, қазір әртүрлілікке, өз оқырманына, аудиториясына бағдарлануға қарайды. Аталмыш салада көптеген дарынды, бірегей журналистер еңбек етеді. Ұшқыр қалам қызметшілерінің аталмыш әскері арасынан ұйымдастырушылар мен журналистер одақтары, қауымдастықтары басшылары Ержұман Смайыловты, Дариға Назарбаеваны, Ербол Шаймерденовты, Татьяна Костинаны, Нұртөре Жүсіпті ерекше атуға болады.
Белгілі мән-жайлар себебінен бұл қатарға бірқатар азаматтар енбей қалды. Журналистер жұмысы көбіне саперлер жұмысына ұқсас, бір ғана абайсыз қимыл түзелмейтін зиян келтіруі мүмкін. Осының бәрі тәуелсіздікке апарар жолдың раушан гүлге оранып жатпағанын, онда өткір тікеннің көп екенін көрсетеді. Жол соңына жүріп келе жатқан адам ғана емес, бірінші кезекте сеніммен әрі дұрыс жүріп келе жатқан жан жетеді.
154 адамнан тұратын аталмыш тізімнің толық еместігі анық, біреулердің олардың біріне қарсы не жақтайтын дәйектері болуы мүмкін, әлдекім өз үміткерін алға тартып, жас санатына бөлуі де мүмкін. Бірақ, Тәуелсіздіктің 25 жылында салмақты үлес қосу үшін аз дегенде 45 жыл бұрын өмірге келу қажет еді және бұл жаста мұндай ерлікті тек вундеркиндтер немесе спортшылар ғана жасауы мүмкін. Ережеге сай, бұл өз ісінің шеберлері, елінің патриоттары, ең жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар, біздің заманымыздың нағыз батырлары болды.
Р.А.АЛШАНОВ,
Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, Тұран университетінің ректоры