#
#
Сейсенбі 01/12/2020

Жұмыспен қамту орталығының қызметін онлайн алуға болады

  • 17.11.2020
  • 0
  • 200

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 қарашадан бастап республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін тесті режимде халықты жұмыспен қамту қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Электронды еңбек биржасындағы «жеке кабинетінде» жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады, мемлекет субсидиялайтын бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады және т. б.

Жоғарыда көрсетілген қызметтерді онлайн режимде алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ЭЕБ-да тіркелу қажет.

«Электрондық еңбек биржасындағы пилоттық жоба жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алуды жеңілдету үшін іске қосылды. Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен жасауға болады», – деп хабарлады «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов.

Интернет немесе компьютер болмаған жағдайда қызметтерді ХЖҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын пайдалана отырып алуға болады. Бұл азаматтарға халықты жұмыспен қамту орталығының маманына қабылдауға кезек күтпеуге және COVID-19 пандемиясы жағдайында тіке байланысты азайтуға мүмкіндік береді.

«Қызмет толықтай автоматтандырылған. Бұл дегеніміз, егер портал үш жұмыс күні ішінде адамға лайықты жұмыс таба алмаса, онда Электрондық еңбек биржасы жұмыссыз ретінде автоматты түрде тіркейді. Осылайша, адам факторы толығымен алып тасталады», – деді Дәулет Арғындықов.

«Жеке кабинетте» қазақстандықтар өздерінің тіркелу кезеңдерін қадағалай алады. Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтар онлайн-режимде ЭЕБ-да жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге өтінім бере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын – жастар практикасында, әлеуметтік жұмыс орындарында, қоғамдық жұмыста бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады.

Жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыссыз ретінде тіркеу, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберу, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алу бойынша қызмет көрсету туралы толығырақ ЭЕБ порталынан немесе халықты жұмыспен қамту орталығынан білуге болады.

Еске сала кетсек, Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 2022 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 93 пайызы электронды болады деп мәлім етті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар