Фото: primeminister.kz
Жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар барысында вице-премьер Серік Жұманғарин көлік, қоймаға сақтау және жалға беру сияқты салаларға қандай тәсіл қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның айтуынша, мұнда оңайлатылған салық режимін қолдануға толық тыйым немесе рұқсат болмайды. Бизнестің ауқымына қарай бірте-бірте алмастыра отырып жүзеге асыру, яғни «градация қағидатын» енгізу жоспарлануда.
Ол критерийлер ЭҚЖЖ анықтамалығына сәйкес нақты қызмет түріне байланысты болады деп түсіндірді. Негізгі мақсат – шағын бизнесті бір саладағы ірі бизнестен бөліп алу.
«Әрине, бәрі көлік түріне байланысты болады. Егер кәсіпкер жеке қызмет көрсетсе, оған рұқсат етіледі. Ал белгілі бір градация үшін бұл жалпыға бірдей белгіленген режимге көшу қажет болатын қызмет түріне жатады» — деп атап өтті вице-премьер.
