#
#
Сенбі 19/09/2020

Жұмабек Бекенов: Санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

  • 15.08.2020
  • 0
  • 115

Санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов осылай мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

«Карантин талаптары жеңілдегенімен, сақтыққа баса мән берген жөн. Әсіресе бұқаралық шараларға тыйым болғаны дұрыс. Сонда ғана індеттен құтыламыз», – дейді Жұмабек Бекенов. 

Ол адам көп қатысатын шараларға жалпы тыйым салуды ұсынды. 

«Бұрынғы басқан қақпанды екінші рет баспау үшін қазір ең бірінші нәрсе – сақтық шараларын, қазір дағдыланғанымызды сақтауымыз керек. Негізгі жұғатын жерлер бізге белгілі ғой. Көпшілік жиналған жерлер, күнделікті тәртіпті сақтамау, адамдар көп қатысатын шараларға жалпы тыйым салу. Осының бәрі аурудың өршуіне жол бермейді», деді Жұмабек Бекенов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар