Жұлдыз аққан түні жер тұрғындары сағатына 120 метеорға дейін көре алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Дүйсенбіде Мәскеу планетарийінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2020 жылы ағынды бақылау шарттары қолайлы. Ай Жаңа айға жақын фазада түнгі аспанда жоқ.
Аспан ашық болған жағдайда, 15 желтоқсанға қараған түні Геминида ағынының жылдамдығы сағатына 120 метеоритке жетуі мүмкін.
Тұрғындар Геминида метеор ағынын 7-17 желтоқсан аралығында тамашалай алады. Оның радианты Егіздер шоқжұлдызындағы Кастор жұлдызының жанында орналасқан.
Ғалымдардың есептеуіне сәйкес, ағын белсенділігінің шарықтау шегі 14 желтоқсанда Мәскеу уақытымен 03:50-де болады деп болжанған. Астрономдардың айтуынша, бақылауға ең қолайлы уақыт - 15 желтоқсанда түн ортасынан кейін.
Басқа метеор ағынынан айырмашылығы, Геминидтердің тегі бұл комета емес, 1983 жылы инфрақызыл ғарыш телескобымен ашылған және 3200 Phaethon деп аталатын объект.