Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі - Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррел 2022 жылғы 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі - Еуропалық комиссияның Вице-президенті Жозеп Боррелл 2022 жылғы 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Сапар аясында Жозеп Борреллдің Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және Мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарланған", - деді брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар Қазақстан - Еуропалық Одақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды.