Биылғы жолдаудың тақырыбы ерекше. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Мұнда бай-қуатты мемлекетке айналудың алғышарттары көрініс тапқан. Жасампаз еліміз өткенін саралап, барын бағамдап, келешекке қамданған һам алпауыт елдермен бәсекеге түсе алатын қуса жетіп, шапса шаңында қалдыратын кең тынысты екенін көрсетеді.
Жирма бесінші жолдау, ел тарихында қазан айнының бірінші жексенбісі мұғалімдер күніне тұспа-тұс келді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевың өткен жылдардағы жыл сайынғы жолдауының барлығында да ғылым мен білім саласы тыс қалған емес. Оның себебі, білімге қарай ойысқан жастар, ғылымға қадам басқан ізденушілер мен қоғамның қозғаушы күші ғалымдарда екені сөзсіз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев тиісті органдарға бірінші қаңтардан ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 1,5 есе көтеруді тапсырды. Бұл 1 миллион 300 мың адамның яғни, әрбір бюджеттен қаржыландырылатын қазақстандықтар үшін үлкен қолдау болмақ. Ең төменгі жалақы мөлшері 28 мыңнан 42 мыңға дейін өседі. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкердің айлық жалақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі деген сөз. Осы мақсаттар бойынша 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен 96 миллиард теңге қарастырылады. Бұл өз кезегінде қарапайым халықтың табысының тұрақты өсіп, тұрмыс сапасын жақсарта түседі.
Елімізде қазіргі таңда 300 мыңнан астам мұғалімдер бар. Ал орта мектептер саны жеті мыңнан асады. Онда 890 мыңнан астам бала білім алуда.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев барлық шиновниктерге қарата «тыңдаңыздар, мұғалімдерге бүгінгі таңда барлық жұмыс жүктеле береді. Сайлауды өткізетін - мұғалімдер, үгіт-насихатты жүргізетін - мұғалімдер, бір шаруаны атқару керек болса – мұғалімдер. Ол үшін ешкім де оларға ақша төлеп жатқан жоқ. Оларды бұл жүктемеден арылту керек»-деп алыс ауылдардағы педагогтардың ойын дәл айтқан болатын. Елбасының бұл сөзі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әрине халық әрқашан да елбасын қолдайды. «Керексіз істерді тоқтатыңдар, мұғалім тек білім берсін»-деп шегелеп айтқаны мектеп директорлары мен оқу орындарының басшылары үшін тоқтам болатын кезге жеттік.
Білім және Ғылым министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек 500 орындық мектеп құрылысын салу үшін шамамен бір жарым миллиард теңге қажет керек екен. 2015-2019 жылдар аралығында 52 мектептің құрылысына ұлттық қордан 280 млрд теңге бөлінген. Бұдан бөлек үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі де өте өзекті. Он алты апатты жағдайдағы білім беру орындарының жағдайы сол күйінде қалып отыр. Елімізде сан мыңдаған оқушылар үш ауысымды мектептерде оқуға, ал ұстаздар да таң азаннан қара кешке дейін мектепте жүруге мәжбүр. Бұл күрмеулі мәселені шешу үшін елімізде жыл сайын 100-ге жуық мектептер салынуы тиіс екен. Үш ауысымда білім беретін мектептердің жағдайын биылдан қалмай шешімін таппақ. Бұған республикалық бюджет есебінен 50 млрд теңге қарастырылады. Ал ғылым мен денсаулық саласында қаржыландыру көлемі ұлғаяды. Елбасы өз жолдауында бұл жағдайға да кеңінен тоқталды.
Қоғамда әлеуметтік жағынан аз қамтылған, әлсіз топтардың қатарында алдыңғы орындарда ұстаздар қауымы тұрады. Келер жылы қабылданатын «Педагогтардың статусы туралы» заңда осы мәселелер өз шешімін тапса тәуелсіздік алған отыз жылға жуық уақыт аралығында ерекше бір іс тындырған болар едік.
Статистикаға сүйенсек еліміз бойынша он мың үш жүз балабақша бар. Мұның басым бөлігі мемлекеттік балабақшалар. Елімізде соңғы уақыттарда қарқын алған құрылыс жұмыстарының нәтижесінде балабақшамен қамту 93% пайызға өз шешімін тапқан.
Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы ұстаздар мәселесіне баса назар аударған елбасының «Педагогтардың статусы туралы» туралы заң қажет екенін алға тартып тез арада тиісті органға дайындауды тапсырды.
Білім саласындағы коррупцияны жою мақсатында мұғалімдік қызметке тұратын ұстаздар қауымының білімі мен біліктілігін сараптайтын комиссия құрып, конкурстық негізде жұмысқа қабылдау мәселесі, болашақта тек сапалы білімі бар жастардың ғана жұмыс жасап қызметтік баспалдақтармен өсетіндерін көрсетеді.
Жоғары оқу орындарының көрсеткіші, түлектердің жұмысқа тұруымен бағалануы ұлттық рейтингке көп әсерін тигізеді.
Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламаларын еліміздің он жеті аймағындағы орта білім мекемелеріне енгізген жағдайда, еліміздің білім беру сапасы европалық стандарттарға толықтай жауап береді. Ал Назарбаев университетінің оқу үдерісін әр бір жоғары оқу орнына енгізгенде біздің түлектер «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен білім алған жастардың деңгейімен теңеседі. «Болашақ» бағдарламасымен оқитын түлекке кеткен қаржы өз елімізде қалады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевың цифрландыру тапсырмасы аясында да ғылым мен білім саласында атқарылар шаруалар әлі де болса аз емес. Ал жирма бесінші жолдауда көрсетілген нақты тапсырмаларды бүкіл ел болып, жұмылып іске асырсақ еліміз көктеп-көркейіп дами бермек. Ғалымдарымыз ғылыми-техникалық сараптамаларын, инновациялық зерттеулерін өндіріс орындары мен қоғамдық дамуымызға ендірсе бұл да болса елбасы жолдауында айтылған нақты мәселелерге өз үлесін қосу деп түсінген жөн.
Сүндет Смаханұлы