22 сәу, 2026 сағат 11:12

Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды: бақташы күдікке ілінді

Фото: Polisia.kz

13 сәуірде Ескелді ауданының тұрғыны полицияға арызбен жүгінді: жайылымнан 81 бас асыл тұқымды ірі қарасының 39-ы қайтарылмаған. Келтірілген материалдық шығын 46 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Ult.kz.

Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында болған жағдайдың мән-жайы белгілі болды. Малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы күдікке ілінді. Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде аталған азаматтың қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мал өз иесіне қайтарылды.