Жетісу футбол клубының жағдайы осы маусымда жақсармады. Клубтың 14 команда арасында 11 орында тұрғаны жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. Жетісу облысының әкімі футбол командасына байланысты Орталық Коммуникациялар қызметі брифингінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ult.kz.
фото: Wikipedia.org
Бейбіт Исабаевтың сөзінше “санаулы 11 күннен кейін Жетісу футбол клубы болмайды”. Бюджет есебінен күн көріп отарған клуб енді өзгенің еншісіне өтетін болады.
Айта кетейік, шілде айында клубтың директорына ақша жымқырды деген айып тағылған еді. Жетісу облысының әкімінің айтуынша сот процесі жалғасуда.“Бұны бәсекелестік ортаға шығарамыз. Бірден бюджеттен ақша бөлінбейді. Конкурсқа шығарылады, қатымын деген заңды тұлғалар қатысады. Конкурстан жеңіп алады, содан кейін ары қарай өзінің жұмысын жүргізеді”,-дейді Бейбіт Исабаев.