Фото: Ұлттық банк
Қазақстан Ұлттық банкі 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 мың теңгелік банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды Ult.kz.
Банкноталардың таралымы - 5 миллион дана. Оның түсі – қоңыр-сарғылт.
Алдыңғы бетінде:
Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.
Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті – жақсылық пен үміттің бейнесі – өмірді суреттейді.
Екінші бетінде:
Фото: Ұлттық банк
Тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.
Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Сондай-ақ, банк шотына салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.
Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.