22 ақп, 2021 сағат 17:33

Жеңіл атлетикадан Қазақстан рекорды жаңарды

Жеңіл атлетикадан Өскеменде өткен Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кедергілер арқылы жүгіру бойынша 60 м қашықтықта Давид Ефремов жаңа рекорд авторы атанды. Ол тиісті қашықтықты 7.65 секундта бағындырды. 

Айта кетерлігі, бұған дейінгі рекорд та Давид Ефремовке тиісті болатын.