14 там, 2019 сағат 09:38

Желіде Назарбаевтың жастарға айтқан мотивациясы жарияланды

Президент телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға қаратып айтқан кеңесінен үзінді жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жастардың санасы нақты дүниелерді сіңіру қажет. Ең бастысы – адам боп өсу, білім алып, жақсы мамандық игеру. Жақсы білімің болса, оны ешкім тартып ала аламайды. Ақшаны тартып алуы мүмкін, үйді де тартып алуы мүмкін. Басқа да дүниені біреу тартып алуы мүмкін. Бірақ бастағы білімді, адамгершілікті сенен ешкім тартып ала алмайды. Мен жастарды осыған шақырамын. Сонда ғана өмірде жарып шығасың», - дейді Елбасы видеода.