20 мам, 2022 сағат 10:22

Желіде мектепке қабылдау өтінішіне байланысты фейк тарады


Желіде мектепке қабылдау туралы өтініште "ана" мен "әке" сөздері "бірінші ата-ана" және "екінші ата-ана" болып ауыстырылды деген фейк тарады. Бұл туралы stopfake.kz порталы хабарлады.

Қазнет пайдаланушыларының айтуынша, биыл баланы мектепке қабылдау туралы өтініш нысанында «анасының ЖСН» және «әкесінің ЖСН» жазылатын жолдарға «бірінші ата-ананың ЖСН» және «екінші ата-ананың ЖСН» деп жазылған. Бұл - жалған ақпарат.


ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, баланы мектепке қабылдау туралы өтініште ата-анасының біреуінің ғана ЖСН-ін көрсету қажет.

– Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ата-аналар нөмірленбеген. Құжаттарды толтыру кезінде бұрынғыдай «ата-ана» немесе «заңды өкіл» деп жазылады», – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Демек, Қазақстанда «ана» және «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» сөздерімен алмастырылатыны туралы ақпарат фейк болып табылады.