20 нау, 2026 сағат 16:44

Алматыда көпірден құлаған ер адам көз жұмды: қылмыстық іс қозғалды

 

Фото: kolesa.kz


Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы оқиға тіркелді. Әл-Фараби даңғылындағы, Тұңғыш Президент паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден ер адам құлап, оқиға орнында қаза тапқан, деп хабарлайды Ult.kz.

 

Бұл жағдай туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысындағы көпірден адамның құлағанын хабарлаған.

 

Қалалық Полиция департаменті ер адамның қаза болғанын растады. Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы — «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге қосымша ақпарат жарияланған жоқ.