Калифорниядағы ауруханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін Гаяне Чухланцевтің TikTok-та видео жариялады. Онда ол адамдарды бейғам болмауға шақырады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Медбике коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін интенсив терапия бөлімінде жұмыс істейді екен. "Қызыл аймақта" жұмыс істеп жүрген Гаяне Чухланцевтің әсерлі видеосы жұрттың жүрегін елжіретті.
Ол көз жасына ерік беріп, аурухана қызметкерлері қаншалықты ауыр жағдайда жұмыс істеп жүргенін айтып берді.
"Бізде науқастар үшін өкпені жасанды тыныс алдыру аппараты жоқ. Тіпті, оларды тыныштандыратын дәрі де жоқ. Науқастар шыбын сияқты өліп жатыр", - дейді медбике.
Оның айтуынша, аурухана қызметкерлері шамасынша еңбек етіп жатыр. Алайда олар науқастарды емдеп үлгере алмай жатыр. Себебі, әрбір медицина қызметкері шамамен 40 науқасты қарап жүр екен.
"Бұл соғысқа ұқсайды. Біз көмек сұрап жатырмыз, бірақ көмек жоқ", - дейді Чукланцев.
1283 рет оқылды