01 там, 2021 сағат 18:45

Жексенбі күні Ақтауда болған жағдай тұрғындарды дүрліктірді – видео



Ақтауда қаланың бірнеше ауданында жылқылар ағаш жапырағын жеп жүр. Тұрғындар жексенбі күні түсірілген видеоны бөлісуде, деп жазады Sputnik жергілікті "Лада" басылымына сілтеме жасап.

"Жылқылар неге қалалық саябақта бұталарды сындырып, жапырақ жеп жүр? Бәрінде ен көрінеді, иесін анықтайтын адам бар ма?", - деп шағымданды Оксана есімді қала тұрғыны.

Мұндай жағдайды саябақтан бөлек, 6-шы және 8-ші шағын аудан тұрғындары да көрген.




Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан жүздеген жылқы қырылды. Қазгидромет хабарлауынша, өңірде жауын-шашын мөлшері нормасының 17 проценті ғана жауған.


10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қауаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер тарапынан тиісті шаралардың қолға алынбағанын ерекше атап өтті.


Оның пікірінше, министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ.


Сондықтан осы салаға бірден бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаров отставкаға кетті.