18 мау, 2020 сағат 15:11

Жедел жәрдем шақырған кезде келмесе не істеу керек

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева жедел жәрдем шақырған кезде неліктен келмейтіндігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жедел медициналық көмек шақырған кезде келмей жатады. Олар шақыртуларды санатқа бөледі. 1, 2, 3 санат - бұл жедел медициналық көмек көрсетуді талап ететін жағдайлар. Өйткені, дер уақытында көмек көрсетілмесе, онда адам өміріне қауіп төнеді. Бұған қоса, шақыртулардың 4-ші санаты бар. Ол амбулаториялық-емханалық ұйымдар жанынан ашылған шұғыл медициналық көмек бөлімшелеріне шақыртуларды бағыттап отырады. Ол жерде жедел көмек бригадасы кезекшілік етеді және өздерінің аумақтарына бекітілген халыққа барады», - деді ол Орталық комммункациялар қызметіндегі брифингте. 

Осы ретте министр міндетін атқарушы егер пациент жедел жәрдем шақыртуға келуі тиіс деп санайтын болса не істеуі керектігін түсіндірді. 

«Егер пациент қалай болғанда да жедел көмек шұғыл жетуі тиіс деп санайтын болса, онда диспетчерге жедел медициналық көмектің байланыс орталығына қосуын өтінуі тиіс. Біз байланыс орталығындағы мамандар санын арттырдық. Сондықтан ақпарат беру мүмкіндігі толық көлемде көрсетіледі, - деді Ләззат Ақтаева.