17 там, 2020 сағат 17:42

Жазушы Смағұл Елубай: Тым босаңсып кетпесек, аз уақытта бұл індетті де жеңеміз

Жазушы, кинодраматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай алматылықтарды енгізілген жеңілдетулерге қарамастан, санитарлық талаптарды сақтауды жалғастыруға және жақын жандарға қамқор болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда індеттің тарау қарқыны бәсеңсіді. Бұл жағдай еңсемізді көтеріп, үмітімізге үміт жалғады. Індеттің тарау ауқымы тарылып келеді. Осы бағытта Үкімет, әкімдіктер, дәрігерлер үлкен жұмыс атқарды, ақпарат құралдары арқылы насихат жүргізілді. Індетті біржолата құртуға аз уақыт қалды деп ойлаймын. Алматылықтарды осы індетті біржолға жеңуге азғантай уақыт қалғанда босаңсымауға шақырамын. Ең бастысы – босаңсымау керек!», – дейді Смағұл Елубай. 

Сонымен қатар, ол өзге де сақтық шараларын ұстанып, халық көп жиналатын орындарға бармау керектігін айтты. Бұл шаралар жақын адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссияның шешімімен 17 тамыздан бастап, Қазақстанда карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілген болатын.