Талантты жазушы Аягүл Мантай мезгілсіз бақиға аттанды. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде қаламгердің таныстары жеткізді.
Аягүл Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген.
2009 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
Ол - «Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқай атындағы әдеби байқаудың жүлдегері. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері атанған.
Оның «Бөтен», «Соқыр сана», «Томпақ» һәм өзге де шағын әңгімелері оқырман көңілінен орын тауып үлгерген.
Ұлт порталы жазушының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.
