20 там, 2016 сағат 11:29

Жазира Жаппарқұл алтын медаль алмауының себебін айтты

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласынан еліне оралған ауыр атлетикадан Олимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы - Жазира Жаппарқұл әуежайда журналистерге беріп, алтын медаль алмауының негізгі себебін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

«Қазақстанға аман-есен келгеніме қуаныштымын. Маған қызу қолдау көрсеткені үшін Қазақ еліне шын жүректен үлкен алғысымды білдіремін! Елбасына айтар алысым шексіз! Бізді керемет күтіп алып жатырсыздар! Біз сіздердің қолдауларыңызды үнемі сезініп жүрдік. Рахмет! Алға Қазақстан!», - деді ол.

Сонымен қатар, Жазира енді алдағы Токио Олимпиадасында чемпион атануға күш салатындығын жеткізді.

«Енді, бұл Олимпиадада алтын медальға қол жеткізуді жоспарлаған едім. Алайда, жаттығу барысында аздап қателіктер кетті. Жарақат алып қалдым. Соны емдетем деп алтын уақытымды жоғалтып алдым. Бірақ, өзім бәрібір көңілімді түсірген жоқпын. Риода сәл қиындау болды. Бірақ, қолымнан келгенінің барлығын жасадым. Аллаға шүкір, күміс жүлдеге қол жеткіздім. Бұған да жете алмай жатқандар бар ғой. Сол жете алмай жатқандарға осындай медальдарға жете берулеріне тіліктеспін. Қазақ елі жасасын! Енді алдағы Токио Олимпиадасына дайындаламын», - деді Ж. Жаппарқұл.

Естеріңізге сала кетелік, Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасында 69 келігі дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жұлқа көтеруден Жазира 115 келіні көтерді, ал жұлқа көтеруде 144 келіні бағындырды. Осылайша қоссайыстың қорытындысы бойынша 259 (115+144) келіні көрсетіп, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Baq.kz