05 қар, 2021 сағат 16:33

Жатақханада екі студентті пышақтаған ер адам қамауға алынды


Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасында екі студентке пышақ салған жігіт қамауға алынды. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды тергеу сотының судьясы тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, күдіктіге екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» санкциясын берді», - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қазан күні сағат 02.40 шамасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасынан ауруханаға пышақ жарақатымен 17 және 18 жастағы екі студент түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында 17 жастағы күдікті ұсталды, ол студенттерге пышақ жарақат салғанын мойындады.

«18 жастағы жәбірленушінің жағдайы тұрақтанды, ол палатаға ауыстырылды. Ал 17 жастағы студенттің жағдайы әлі де ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.