28 қаң, 2022 сағат 13:06

«Жасыл даму» әзірге утилизациялық алымдарды қабылдамайды


«ӨКМ Операторы» ЖШС-не қатысты тексеру іс-шараларының жүргізілуіне байланысты «Жасыл даму» АҚ бірқатар қызмет түрін тоқтатты, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы «Жасыл даму» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Құзыретті органдар «ӨКМ Операторы» ЖШС қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуге байланысты, сондай-ақ өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру бойынша функцияларды бұрынғы оператордан «Жасыл даму» АҚ басқаруына беру процесінің аяқталмауына орай мына қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз:

- кәдеге жарату төлемдерін қабылдау;

- ескі көліктерді, агро техникаларды қабылдау;

- ескі техниканы кәдеге жаратуға тапсырғандарға өтемақы төлеу;

- қалдықтарды жинаушыларды, тасымалдаушыларды және қайта өңдеушілерді субсидиялау», – делінген хабарламада.

Ұйым ақпаратынша, аталған қызметтер заңдық үдерістер аяқталғанға дейін қолжетімсіз болады.

«Барлық ұйымдастырушылық және заңдық үдерістер аяқталғаннан кейін, серверлік бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысы толық қолжетімді болғанан соң, «Жасыл даму» АҚ-ның барлық міндеттемелерін толық орындалатын болады. Жоғарыда аталған себептерге байланысты әзірге тиісті қызметтерді жүргізу мүмкін емес. Баршаңызды қазіргі қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, көрсетілетін қызметтің қайта іске қосылуын күтулеріңізді сұраймыз», ­– делінген хабарламада.