27 нау, 2019 сағат 12:22

Жастарды қолдау мемлекеттік саясатта басымдыққа ие - ҚР Президенті

Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен Үкіметке жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін үнемі бақалауда ұстауды жүктеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, жұмыс тәжірибесінің жоқтығы, тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі, сондай-ақ кәсіпке икемдену қажеттігіне қатысты жастар проблемаларына ерекше көңіл бөлінді.

Мемлекет басшысы барлық жүйелі мәселелер, оның ішінде заңнамаға өзгерістер енгізу, бюджет қаржысын бөлу, «Жастар - ел тірегі» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды құру шаралары биыл шешілуі тиістігін қадап айтты.