17 там, 2020 сағат 18:13

Жастар өздеріне, жақындары мен қоғамға жанашыр болуы керек - зиялы қауым өкілдері

Қаладағы карантиннің жеңілдеуіне байланысты, Алматы зиялылары жастарға жауапты болуды және санитарлық талаптарды сақтауды жалғастыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Темірхан Медетбек жастар өздеріне, туған-туыстарына және қоғамға жанашырлық танытуы керек деп есептейді. 

«Дәрігерлердің жұмысының, халықтың санитарлық ережелерді сақтауының арқасында індет тарауы тежеле бастады. Бірақ оның салдары аз емес және кез-келген уақытта өршіп кетуі мүмкін. Әр адам абай болуы керек. Карантин талаптарын одан әрі де мұқият болған жөн. Мерекелерді ұйымдастырудан аулақ болған дұрыс. Әсіресе жастар немқұрайлылық танытпауы керек. Жастар өздеріне, туған-туыстарына, қоғамға жанашырлық танытуы керек. Жастарды шыдамдылыққа шақырамын. Болашақ жастардың қолында, сондықтан олар 10 есе жауапты және мұқият болулары тиіс. Барлық алматылықтарға жақсылық, амандық тілеймін!», — деді Темірхан Медетбек.

Өз кезегінде, танымал прозашы, драматург, публицист, сыншы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Әшіров алматылықтарды карантин режиімінің жеңілдетілгеніне қарамастан, санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

«Қазір карантин бітті деп айта алмаймыз. Бұл індет әлі жойылған жоқ, сол себепті бәріміз, жас та кәрі де, бетперде тағып жүруіміз керек. Ол өзіміз үшін, бір-бірімізді қорғау үшін қажет. Карантин әлі де бар. Бұл уақытша шара деп есептейміз. Маска тақпай жүретін күндер алыс емес деп ойламыз. Біз, үлкендер айтқан ақылды жастар тыңдауы керек. Сақтық шаралары өзіміз үшін, балаларымыз, аналарымыз бен жақындарымыз үшін, денсаулығымыз жақсы болып, өмірді жақсы өткізу үшін қажет. Карантин ережесінің жеңілдетілгеніне біз қуандық. Көп ұзамай індет жоғалып, Үкімет болып, ел болып, еліміз үшін бұрынғыдай еңбек етеміз деп ойлаймын. Ал қазіргі таңда, карантин ережесін ұстанып, сақтық шараларын қолданып, талап пен кеңестерге бағынып жүруіміз қажет. Бұл шараның барлығы ортақ игіліктер үшін қолға алынып жатыр», – деді Ахметжан Әшіров.