25 қыр, 2019 сағат 14:31

Жасанды интеллект көмегімен қызметкерлерді қалай ынталандыруға болады?

Осыдан он жыл бұрын алғашқы қызметкерімді Zen Media-дан тапқан кезде, оларды қалай қызықтыруға болатыны туралы ойланып та көрмедім.

Біріншіден, қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Мен виртуалды офистің тиімділігіне сенемін. Әсіресе, сіздің клиенттеріңіз әлемнің барлық бұрышында орналасқан болса. Біздің Гонконгтағы клиенттеріміз қандай офисте отырғанымызға емес, көрсететін қызметтің сапасына мән береді.

Екіншіден, қызметкерлерге соңғы үлгідегі цифрлық маркетингпен жұмыс істеуге ұсыныс жасау. Мен магистрлік тезисімді әлеуметтік желі тақырыбында жазған едім, бірақ ешкім сол кезде мені салмақты қабылдамады. Көп жағдайда Zen Marketing-те жұмыс істеген адамдардың одан да қызықты әрі табысты жұмысқа ауысқанын өте сирек естимін.

Мен қызметкерлерімнің жұмыс орнында өздерін жақсы сезінгенін қалаймын және олардың барлық бастамаларына қолдау көрсеткім келеді.

Бірақ мен компаниямның жұмысын бастаған кезде «қызметкерді ынталандыру» деген түсінікті білген жоқпын. Тіпті, ол кезде бұған ұқсас термин де болмаған секілді. Ал қазір жағдай мүлде басқаша.

Қызметкердің өз ісіне деген қызығушылығы жұмыс берушілер үшін өте маңызды және олар ең талантты қызметкерді өзіне тартқысы келеді. Бұл ретте жасанды интеллект нарықтағы осы мәселені шешуге көмекке келеді.

Қызметкер қызығушылығының маңызы қандай?

Қызметкердің қызығушылығы немесе B2E маркетининг жұмыскердің өз жұмыс берушісіне деген адалдығын арттырып, ұйымның жетістікке жетуіне жағдай жасап, ісіне ықыластын арттырады.

Gallup study жасаған зерттеулерге сай, өз ісіне берілген қызметкерлердің жұмысы өнімді болады, әрі жұмыстан шығу көрсеткіші де төмендейді. Сәйкесінше, клиенттер де компанияның жұмысын риза болады. Қызметкерлер компанияның үлкен пайда табуына күш салып, өздерін жұмыста, отбасында бақытты сезінетін болады.

Оған қоса, қазіргі жас мамандар өздері қызыққан жұмыспен айналысуды жөн көреді. Біз мұндай қорытындыны жекелеген зерттеулер нәтижесіне қарап айта аламыз.

Сол сияқты, тұтынушылар да, қызметкерлер де ортақ құндылықтарды бөлісетін компанияларда жұмыс істеп, тауар тұтынғысы келеді. Компаниялар осы нәрсені байқағандықтан, қызметкердің ынталы болуына аса мән беріп келеді.

Әр істің өз қиындығы болады

Көптеген компания өз қызметкерлерін лайықты бағалауға тырысады. Алайда оларды ынталандыру ісі неге қиын? Жұмыс көлемінің артуы, басымдылықтардың өзгеруі және компания масштабының өсуі сияқты себептер қызметкерлерді ынталандыруға кедергі келтіреді. Түйіткілді мәселені жасанды интеллект мен автоматизация арқылы шешуге болады.

ЖИ қызметкер қызығушылығын арттыруға қалай көмектесе алады?

Қазір нарықта жұмыс беруші мен қызметкердің өз ісіне беріліп, ықыласпен жұмыс істеуіне көмектесетін құралдарды көптеп табуға болады. Солардың бірі – 15Five қосымшасы. Бұл бағдарламаның көмегімен қызметкер аптасына 15 минут әртүрлі сұрақтарға жауап береді, содан кейін менеджерлер мен супервайзерлер оны бес минут ішінде сараптамадан өткізе алады. Егер сіз әріптестеріңізге қандай сұрақтар қоюды нақты білмесеңіз, 15Five алгоритмдері көмектесе алады.

Осындай апталық шолулар супервайзерлерге ұжымның хәл-ахуалын бақылап, қандай да бір проблемалық сұрақтарды анықтап, әрбір қызметкермен жеке-жеке жұмыс істеуге көмектеседі.

Тағы бір қызықты, әрі жаңа компаниялардың бірі InvolveSoft деп аталады. Instagram-ға ұқсас интерфейс қолданатын бағдарлама, қызметкердің белсенділігін анықтап, оларды басқа да салаларға ерікті түрде үлес қосуына мүмкіндік береді.

Менеджерлер, топ жетекшілері әртүрлі іс-шараларды, корпоративтік ойын түріндегі марафондар мен топтық жұмысты дамытатын шараларды осы бағдарлама арқылы көпшілікпен бөлісіп, іске асыра алады.

InvolveSoft-тың негізін қалаушылардың бірі Саумая Бхатнагар жақында берген сұхбатында:  «InvolveSoft жүйесі жұмыстағы ақауларды көруге, жіберіп алған мүмкіндіктер мен кедергілерді анықтауға көмектеседі. Осы жүйеден жиналған мәліметтерді қызметкерлердің қызығушылығын арттыруға қажетті стратегиялық шешімдер шығаруға және олардың компанияға деген адалдық коэффициентін анықтауға болады. Бұлардың барлығы біздің әріптестеріміздің табысты еңбек етіп, компанияда қалуына жағдай жасайды», - дейді.

Бүгінгі таңда қызметкерлердің ықыласын арттыру компаниядағы маңызды істердің бірі саналады. Сондықтан, жасанды интеллект жұмыс берушілердің осы істі жүйелі атқаруына таптырмас көмекші болары анық.

Мақаланың түпнұсқасы: forbes.com