15 шіл, 2025 сағат 11:05

Жарты жылдық есеп: Елде сауда көлемі, тауар айналымы қандай?


Фото: kazislam.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында сауда көлемі 8,4% өскенін, ал тауар айналымы 31,4 триллион теңгені құрағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 15 шілдеде өткен Үкімет отырысында айтты деп хабарлайды Ult.kz.

Оның ішінде, көтерме сауда 9,2% өсті (21,2 триллион теңге), бөлшек сауда 6,6% құрады (10,2 триллион теңге).

Сауданың өсуі көтерме саудада 45% асатын негізгі 9 тауар есебінен қамтамасыз етілді. Бұл мұнай және мұнай өнімдері, газ, тұрмыстық техника, ұялы телефондар, фармацевтика, машина жасау өнімдері, астық және темекі.

"Аталған тауарлар бойынша жыл соңына дейінгі болжамды сату көлемі 26,4 триллион теңге құрауы тиіс, оны ең алдымен ішкі өндірістің өсуі есебінен қамтамасыз ету қажет", - деп отыр министр.


Шаққалиевтің баяндамасына қарасақ 6 айдың қорытындысы бойынша барлық өңірлерден өсім көрініп отыр. Ең үлкен үлесті қамтамасыз еткен 5 өңірге барлық тауар айналымының 72% тиесілі. Бұл – Алматы, Астана, Шымкент қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары. Өсу қарқыны бойынша көшбасшылар – Түркістан (+69,3%), Ақмола (+45,4%) және Павлодар облыстары (+22,3%).

Министрдің сөзінше саудадағы өсімді қамтамасыз етудегі үш негізгі бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Олар - заманауи сауда форматтарын дамыту, электрондық сауданы дамыту, жасырын сауданың төмендеуі.