26 қаң, 2022 сағат 11:55

Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұялы телефон аксессуарларын ұрлаған қызылордалық ұсталды


Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде ұялы телефон аксессуарларының дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл бағытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті азамат ұсталды.

Оның тұрғылықты мекен жайын тінту барысында 3 «M26 PLUS» үлгісіндегі смарт сағаты, 2 «AіR Pods», 1 «Samsung» құлаққабы айғақ зат ретінде алынды. 

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.