#
#
Жексенбі 25/10/2020

Жапонияға Қазақстанның 13 өңірінен жылқы еті экспортталмақ

  • 21.09.2020
  • 0
  • 106

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан қай елдерге ет экспорты бойынша келісімдер бар екені туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ет өнімдері және ет шикізатын экспорттау келесі үшінші елдерге жүзеге асырылады: 

Бірікке Араб Әмірліктеріне ірі қара және ұсақ малдан алынған ет және ет өнімдерінің және үй құстарының экспорты ашылды. Осы орайда БАӘ-ге қызыл ет пен құс етін экспорттауға құқығы бар тізілімге «Абай» ЖШС (Павлодар облысы), «Первомайские деликатесы» ЖШС және «Мерке ет комбинаты» ЖШС (Жамбыл облысы) енгізілген. 

Иранға мұздатылған және салқындатылған қой еті сондай-ақ вакуумдық қаптамада қапталған мұздатылған сиыр еті және салқындатылған сиыр еті тасымалданады. 

Бұдан бөлек, 2019 жылғы 14 мамырда Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы өзінің интернет-ресурсында сиыр етін ҚХР-ға экспорттауға құқығы бар 4 қазақстандық кәсіпорынды қосу туралы ақпаратты орналастырды. Қазіргі уақытта ҚР АШМ қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындарының тізімін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 

Сонымен қатар, мұздатылған қой етін ҚХР-ға экспорттау құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне 4 кәсіпорын енгізілген. 

«Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген екі жылдық жұмыс қорытындысы бойынша, Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан Жапонияға жылқы сою және өңдеу кезінде алынған етті, ет шикізатын және субөнімдерді экспорттауға ветеринариялық сертификат келісілді әрі қол қойылды. Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі министрлікті 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстан Республикасынан Жапонияға жылқы еті экспортының ашылғаны туралы ресми түрде хабардар етті», - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАқпараттың» сауалына орай берілген жауапта. 

Жапон тарапымен қол жеткізілген уағдаластықтар аясында Министрлік Жапония нарығына жылқы етін экспорттауға мүдделі 34 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорынының тізімін ресми түрде жіберді.

Қазақстан Республикасының 13 өңірінен (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Алматы мен Шымкент қалалары) қазақстандық кәсіпорындар Жапонияға жылқы етін жеткізуді жоспарлап отыр.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге тоқталсақ, ет пен ет шикізаты және дайын ет өнімдерінің экспорты Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы №455 шешімімен бекітілген Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысандарының сүйемелдеуімен Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Тауарлардың бақылаудағы ветеринариялық бақылауына қойылатын бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Мұнымен қоса, ет және ет өнімдерін ТМД-ға мүше мемлекеттерге экспорттау 1993 жылғы 12 наурызда қол қойылған ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында жүргізіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар