14 мам, 2020 сағат 13:05

Жапония жолдаған гуманитарлық көмек Қазақстанға жетті

Жапония Үкіметі гуманитарлық көмек ретінде ұсынған 12 200 таблеткадан тұратын препараттар бүгін Алматы қаласына жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сырты істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл - жаңа коронавирусты емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмектер. Гуманитарлық көмек «Scat» әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізіліп, медициналық мекемелер арасында одан әрі тарату үшін «СҚ-Фармация» ЖШС-ға табыс етілді. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Жапония Үкіметіне екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік рухына сай келетін достық ықыласы үшін алғыс айтады.