Сәрсенбі күні таңертең Жапония Үкіметі толық құрамда отставкаға кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
Премьер-министр Синдзо Абэ кабинет мүшелерінің отставка туралы өтініштерін қабылдады. Бұған шілде айында парламенттің жоғарғы палатасына сайлауда партияның жеңіске жетуінен кейін және қазан айына жоспарланған тұтынушы салығын 10 пайызға қымбаттатудың алдында үкімет құрамының өзгеруі себеп болды.
Өткен жылдың қазан айында Үкіметте орын алған өзгерістер барысында көптеген министрлер орындарын сақтап қалса, қазір тек Үкімет хатшысы Ёсихидэ Суга және қаржы министрі Таро Асо қалатын болады.
Екі министр, Жапонияда айтылатындай, «көлденең бойынша» ауысады. СІМ басшысы Таро Коно экономика министрі атанса, Сыртқы істер министрлігін бүгінгі таңдағы Экономиканы қайта қалпына келтіру ісі жөніндегі министр Тосимицу Мотэги алмастыратын болады. Бұрынғы кабинеттің кезінде министр лауазымдарын атқарған тағы да екі адам үкіметке қайта оралады, ал қалған 13 адам алғаш рет кабинет құрамына кірмек. Сәрсенбі күні кешке ел императорының жаңа министрлер кабинетін бекіту рәсімі өтеді.
Түстен кейін үкіметтің жаңа құрамы белгілі болады.