24 шіл, 2019 сағат 10:37

Жапон депутаты Абай шығармашылығына арналған эстафетаға үн қосты

Абай шығармаларын оқу эстафетасы Жапонияға да жетті. Қазақстанмен парламенттік достық лигасының төрағасы Такео Кавамура Абайдың қара сөзін оқып, бастамаға үн қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстанның Жапониядағы елшілігіне сілтеме жасап. 

Такео Кавамураның айтуынша, бұл эстафетаны оған досы, Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед жолдаған. Осылайша достық лигасының төрағасы Абай Құнанбаевтың 38-ші қара сөзінен үзінді оқып берді. Содан кейін эстафетаны Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевқа жолдады. 

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысынан Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.