27 қар, 2020 сағат 10:47

Жансейіт Түймебаев: Елбасы – елді реформалаудың бірегей алгоритмінің авторы

Елордада «ҚР Тұңғыш Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі саясаты» тақырыбында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев сөз бастады. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы тәуелсіздік жылдары жүргізіліп отырған бейбітшілік пен келісім саясатының символына айналды. Ал Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жол ретінде бүкіл әлемге танымал болған, посткеңестік транзитпен елді реформалаудың бірегей алгоритмінің авторы әрі әзірлеушісі», - деді Жансейіт Түймебаев ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында. 

Достық, бейбітшілік, тыныштық пен сенім. Жансейіт Түймебаевтың айтуынша Қазақстанның қоғамдық атмосферасын осы сөздермен сипаттауға болады. 

«Қазақстанның саясаты мен ұлтаралық қарым-қатынас моделі барлық халықаралық стандартқа сәйкес келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы саяси бағдардың арқасында елдің әлеуметтік және мәдени ортасы өзгеріп келе жатқанын айтып өтті. Қоғамдық сананы жаңғыртуды бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақстандықтардың ойлам жүйесіне, халықтың өміріне оң өзгеріс әкеліп, мемлекеттік тіл жалпыға ортақ мойындалған, біріктіруші тіл рөліне ие болды. Ассамблея Арыс пен Мақтарал ауданындағы оқиғаларда үлкен әлеуметтік көмек көрсетті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады», - деді ол.