09 там, 2016 сағат 19:29

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан 75 келіге дейін салмақта өнер көрсететін спортшылардың бәсекесі жалғасуда.

Осы салмақта Алжирдің намысын қорғап жатқан Ильяс Аббади бүгін 1/16 финалда конголық Анауэль Мли Нгамисенгені 3:0 (30:27, 29:28, 29:28) есебімен ұтты. Енді ол 1/8 финалда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездеседі. Олардың жекпе-жегі осы аптаның жұмасында, яғни 12 тамызда сағат 22:30-да өтеді.

Ұлт порталы