15 там, 2016 сағат 20:10

Жәнібек Әлімханұлы Рио Олимпиадасымен қош айтысты

"Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан 75 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп жатқан Жәнібек Әлімханұлы ширек финалдан аса алмады", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облысының тумасы 1/4 финалда Әзірбайжан боксшысы Камран Шахсуварлымен жолықты. Алғашқы екі раунды тең дәрежеде өткен кездесудің шешуші сәтінде ғана мықтылығын көрсеткен Жәнібек жүлдеге жетпей сүрінді.

Осыған дейін (1/8 финалда) отандасымыз алжирлық Ильяс Аббадимен қолғап түйістіріп, жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, биылғы жылы бокстан ерлер құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына толық құрамда барған еді. Бірақ сайыс барысында, Жәнібекпен қоса алты боксшымыз жарыстан шығып қалды.