05 шіл, 2021 сағат 11:24

Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінің үздік үштігіне кірді


Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Орта салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алтыншы орыннан үшінші орынға көтерілді. Тізімде Мексика боксшысы Хайме Мунгия көш бастап келсе, екінші орында украиналық боксшы Сергей Деревянченко тұр. WBC-дің орта категориядағы әлем чемпионы – АҚШ спортшысы Джермалл Чарло. 

Еске сала кетсек, 27 маусым күні Лас-Вегаста өткен жұдырықтасуда Жәнібек WBA-ның орташа дивизионда бұрынғы әлем чемпионы Ром Брантты техникалық нокаутпен жеңді. Ол кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді

Сондай-ақ рейтингте тағы бір қазақстандық боксшы – Мейірім Нұрсұлтановтың есімі тұр. Ол тізімде 14-ші орында орналасқан.