09 жел, 2020 сағат 18:44

Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингіндегі үздік 5 спортшының қатарына енді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) халықаралық WBC рейтингіндегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

WBC рейтингінің жаңартылған нұсқасында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 72,6 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ТОП-5 боксшының қатарына енді. Өткен аймен салыстырғанда Жәнібек бір сатыға жоғарылап, рейтингтің бесінші қатарына көтерілген. Рейтингтің көшін бұрынғыша Сауль Альварес бастап тұр. 

Еске сала кетсек, Әлімханұлы - орта салмақтағы WBO Global чемпиондық белбеуінің иегері. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізіп, аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.