Екі титул үшін айқаста қарсыласын нокаутқа жіберген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) WBC рейтингінде өз көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан кәсіпқой боксының» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланғандай, Жәнібек орындар туралы тәбіл релизінде 16-шы орыннан 15-ші орынға көтерілген. Дивизиондағы үздік боксшылардың үштігінде америкалық Дэниэл Джейкобс, поляк Камил Шеремета мен украиналық Сергей Деревянченко тұр.
Еске сала кетсек, өткен аптада Жәнібек Әлімханұлы канадалық боксшы Альберт Онолуносты нокаутпен жеңген болатын. Осылайша, 26 жастағы қазақстандық боксшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын қорғап қалды.