21 мам, 2022 сағат 01:10

Жәнібек Әлімханұлы: QAZAQ STYLE дәуірі келді!


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жексенбіде Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегі алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті жанкүйерлер! Қолдауларыңызға рақмет. Сіздер біздің командамызсыздар! Сіздер біздің тілеулесімізсіздер! Айтқан, жазған қолдау сөздеріңіз бізге қосымша күш! Бұйыртса тарих жасаймыз! QAZAQ STYLE дәуірі келді!», - деп жазды боксшы өзінің желідегі парақшасында.

Айта кетейік, отандасамыз Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO)  арасындағы жекпе-жек 22 мамыр сағат 8:00-де басталады. Боксшылар WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.