25 мау, 2021 сағат 18:44

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Роб Брантпен алғаш рет бетпе-бет кездесті (Видео)


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) жекпе-жек қарсаңында америкалық Роб Брантпен (26-2, 18КО) бетпе-бет кездесті. Бұл Әлімханұлының Брантпен алғаш рет жүздесуі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жекпе-жек 27 маусым, жексенбі күні, таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді. Кештің басты оқиғасы украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10КО) мен жапон боксшысы Масаёси Накатани (19-1, 13КО) арасындағы айқас болмақ. 


Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6ко) екінші раундта нокаутқа жіберген еді. Ал Роб Брант 2020 жылдың тамызында рингке шығып, украиналық боксшы Виталий Копыленконы (28-3, 16КО) бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, Әлімханұлы-Брант кездесуінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады және «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.