13 қаң, 2021 сағат 08:31

Жәнібек Әлімханұлы Америкада жаттығуын бастады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBC Continental Americas және WBO Global титулдарының иегері Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жақын арада кезекті жекпе-жек өткізетіндігін мәлімдеді. Бұл туралы боксшы Твиттердегі парақшасында жазды.

«Біз Америкада жаттығуға кірістік. Енді жекпе-жектің өтетін күнін және қарсыластың кім болатындығын күтеміз», –деп жазды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы «Әлемге жаңа чемпион, жаңадан көретін боксшы керек!» деп мәлімдеме жасаған еді. Ол орташа дивизиондағы басқа чемпиондар Джермалл Чарло, Сауль «Канело» Альварес жәнен Деметриус Андрадеге бірнеше рет үндеу жіберген.

Жәнібек Әлімханұлы - орта салмақтағы WBO Global чемпионы. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген. Ол кезде аргентиналық боксшы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.