09 там, 2016 сағат 00:18

Жәнібек Әлімханұлы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 75 келіде өнер көрсететін боксшы Жәнібек Әлімханұлы бірінші кездесуін жеңіспен бастады.

Жерлесіміз британиялық Энтони Фаулерді айқын басымдылықпен жеңіп, келесі кезеңге қиналмай өтті. Қорытынды есеп - 3:0 (30:27, 30:26, 30:26). 

Айта кетсек, бокстан Қазақстан құрамасы спортшыларынан 60 келіде сынға түскен Берік Әбдірахманов алғашқы  жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Ал, 49 келіде өнер көрсететін Біржан Жақыпов жаңа ғана намибиялық боксшыны жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

"Ұлт ақпарат"