ҚР Президентінің Жолдауында жаңғырудың негізі ретінде қарастырылатын адами капиталдың дамуына басымдық берілген. Бұл заманауи сын-тегеуріндерге жауап беретін шешім, себебі, бүгінгі постиндустриалды даму, инновациялық экономика, білім экономикасы ғасырында жоғары деңгейлі маман, өз ісінің шебері кез-келген мемлекеттік артықшылығы болып табылады.
Президент Жолдауында білім бағдарламаларының негізгі басымдылығы жаңа білімді өзгерту мен игеру, соған ұдайы бейімделу болуы керектігі айтылған. Бұл фактор заманауи қоғамның жылдам өзгеріп отыратындығымен байланысты. Инновация мен жылдамдық қазіргі әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты белгісі. Сондықтан, әлемдегі өзгерістерден қалыспау бүгінгі таңда көштен қалмаудағы ең маңызды шарт болып табылады.
ВР жаһандық корпорациясы секілді бизнес саласының мамандары бүгінде еңбек нарығында кәсіби құзіреттілік деңгейі белгілі бір маманның бәсекеге қабілеттілігін білдірмейді, себебі күнделікті түрлі өзгерістер орын алуда деп есептейді.
Атап айтқанда, алдағы он жылдықта жаңа технологиялар көптеген мамандықтардың жоғалуына әкеліп соқпақ, тың мамандықтарға сұраныстар артып келеді. Нақтыласақ, өндіріс, денсаулық сақтау, сауда, мемлекет басқару салаларындағы ақпараттық технологияларға әсер етіп жатқан Big Data үлкен деректер технологиясы мамандарына сұраныс артып келеді.
Осы факторды ескере отырып, Жолдауда барлық жастағы азаматтарды қамтитын алдыңғы қатарлы білім жүйесін жасау туралы айтылды.
Меніңше, әр өңірдегі оқушылар сарайларының жанынан компьютерлер, зертханалар мен 3D-принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопаркі мен бизнес-инкубаторларды жасау шешімі де өте маңызды. Бұл жас буынның ғылыми-зерттеу мен өндірістік-технологиялық ортаға бейімделуіне, жаңа әрі сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті маман даярлауға септігін тигізеді, бұл өзгеріп жатқан жаңа әлемнің басты талабы.
Осылайша, Елбасының 2018 жылғы Жолдауында жоғары деңгейлі индустриалды секторды пайдалану туралы нақты айтылып отыр. Әрине, бұл күрделі мәселе, дегенмен, бұл дамыған елдер қатарына кірудің бірден-бір жолы. Президенттің білім жүйесіне өз инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың бір саласы ретінде қарауға шақыруының мәні осында.
Айман Жүсіпова,
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы