Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Cондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.