Фото: Аргументы и факты
Татарстанда бүткіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға орын алды. Зеленодольск ауданына қарасты Васильево елді мекенінде көпқабатты үйдің терезесінен сәби құлап, көз жұмған — қыз бала небәрі 21 күн ғана өмір сүрген. Алдын ала болжам бойынша, оны терезеден бес жастағы әпкесі лақтырып жіберген. Оқиға кезінде балалар пәтерде ересектердің қарауынсыз қалған, деп хабарлайды Ult.kz.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сәби шамамен үшінші немесе төртінші қабаттың терезесінен құлаған.
Оқиға орнына жедел жәрдем мен тергеу тобы дереу жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Анықталғандай, оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы пәтерден шығып кеткен — оның қайда кеткені қазір анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл отбасы бұрыннан үлгілі деп сипатталған.
«Сәбидің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Балаларды қараусыз қалдырған ата-ананың іс-әрекеті, сондай-ақ өзге де нұсқалар тексеріліп жатыр», — деп хабарлады Татарстан бойынша Тергеу комитетінің баспасөз қызметі.
