«Мемлекет басшысы «жаңа экономикалық саясат» бағдарының
негізінде жаңа бағыттарды белгіледі. Оның бәрі еліміздің
әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары. Соған байланысты екі негізгі бағытты
айтуға болады – экономикадағы құрылымды өзгерістер және экономика салаларындағы
реформалар. Оның бәрі инвестицияларды тарту, салық және бюджет жүйесіне әсер
етеді», - деді Нұрлан Байбазаров.
«Сонда сізге дейінгі министрдің қолынан бұл келмеген бе?» -
деп сұрады журналист. Жаңа министр ондай пайыммен келіспейтінін айтты.
«Ол жұмыстар басталған, енді
оны дұрыстап аяқтап, жаңа экономикалық өсімге жағдай жасау қажет», - деді
Ұлттық экономика министрі.