ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір біздің негізгі мақсатымыз - аттестацияны өткізу. Осыдан кейін қысқартудың есебінен жалақыны көтеруіміз керек. Содан кейін формамен айналысамыз. Біз үшін алдымен полицейдің жағдайын жасап алу қажет. Жаңа форманы артынан қарай береміз. Екі айдан кейін аттестация басталады. Оған журналистерді де шақырамыз. Сол кезде бәрін көрсетеміз», - деді Е.Тұрғымбаев журналистерге берген сұxбатында.
Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде берген тапсырмалары талқыға салынды.