Фото: КазТАГ
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, арнайы конституциялық комиссия мүшелерінің бір бөлігі жаңа Ата заң қабылданса, мерекенің датасын өзгерту логикалық тұрғыдан орынды деген пікір білдірген, деп хабарлайды Ult.kz.
Алайда атқарушы орган ретінде министрлік комиссия жұмысы толық аяқталғанша және саяси-құқықтық шешімдер қабылданбайынша бұл мәселеге баға бере алмайтынын айтты.
Қазіргі таңда конституциялық комиссия жаңа Конституция жобасы бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, одан кейін жалпыұлттық референдум өтеді. Сол кезеңнен кейін ғана мерекелік күндерге қатысты талқылау басталуы мүмкін. Вице-министрдің айтуынша, жаңа Конституция жобасына қоғамнан көптеген пікір мен ұсыныс келіп түсіп жатыр.
